Біздің мамандар

Алик Айдарбаев: біз Президенттік жастар кадр резервін қолдаймыз

16/01/2020

2020 жылғы 15 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Президенттік резервке қабылданған 300 жас маманың 24 мүшесі қатысты. Негізінен бұл еліміздің энергетикалық секторында еңбек ететін қызметкерлер болды.

Шара барысында Алик Айдарбаев қатысушылардың өмірбаянымен танысты, сондай-ақ ұлттық компанияның қызметі мен даму жоспарлары жөнінде айтып берді. Өз кезегінде жас мамандар Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Президенттік кадр резервінің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл жобаның игі жағы сол, ол жас қызметкерлерге әлеуметтік тұрғыдан дамуға ықпал етеді. Бүгінгі кездесудің қатысушылары осының айқын дәлелі болып табылады. Президенттік резерв болашақта елді басқара алатын адамдарды іріктеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резерві қалыптасты. Оған 300 қазақстандық кірді. «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бойынша кадр резервіне 13 қызметкер қабылданған.