Өндіріс

Ембімұнайгаз

«Ембімұнайгаз» АҚ қор көлемін ұлғайтты

16/01/2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын күшейту туралы тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «Ембімұнайгаз» АҚ 2019 жылы көмірсутек қорын едәуір ұлғайтты. Ол қолданыстағы кен орындарын толығымен қайта барлау арқылы қамтамасыз етілді.

ЕМГ өндірілетін мұнай қоры 2020 жылдың 1 қаңтарына 86,2 млн. тоннаны (2019 жылдың 1 қаңтарында – 74,3 млн тонна) құрады.

«2019 жылы Пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссия қолданыстағы С. Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмұхамбетов, Ботахан және қайта ашылған Батыс Қарасор (1,4 млн.тн) кен орындарында 14,8 млн. тонна көлемінде мұнай қорын бекітіп, балансқа қабылдады. Қор өсіміне көнерген кен орындарын игеруге деген оңтайлы көзқарас және жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, белсенді барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді», – деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Бұған қоса, ЕМГ Тайсойған учаскесінде ауқымды сейсмобарлау жұмыстарын аяқтады. Оның ауданы 5600 шаршы шақырымды құрады. Қазіргі уақытта алынған деректер өңделіп, оларға талдау жүргізілуде. Осының нәтижесінде іздестіру-барлау бұрғылау жұмыстарын жоспарлау үшін болашақ құрылымдар дайындалатын болады.