Біздің мамандар

ПетроҚазақстан Инк.

«ПетроҚазақстан Инк.» компаниясында жаңа техникалық директор тағайындалды

09/01/2020

2020 жылғы 6 қаңтарда Қайрат Төлегенұлы Арынғазиев «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының техникалық директоры («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі) болып тағайындалды.

Бұған дейін Қайрат Төлегенұлы «Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 1993 жылы «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік басқармасында мұнай және газ өндіру цехының 3-ші рахрядты операторы болып бастады. Саладағы көп жылғы қызметінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да мұнай және газ өндіру операторы, шебері, сондай-ақ «Торғай Петролеум» АҚ-да өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы, бас технологы, инженер-технологы болып еңбек етті.