Біздің мамандар

Инновациялық идеялар анықталды

23/12/2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» атты жыл сайынғы байқаудың қорытындысы шықты. Ұсынылған жұмыстарды үш деңгейлі комиссия іріктеді. Әділ қазылар құрамына ҚМГ-ның, еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері кірді.

Байқауға Ұлттық компанияға қарасты 20-дан астам еншілес және тәуелді мекемелердің мамандары қатысты. Барлығы 103 өтінім келіп түсті.

Жобаларды іріктеудің басты талабы идеяларды ҚМГ компаниялар тобында енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ озық тәжірибелерді денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласында пайдалану болды. Байқау нәтижесінде жеңімпаздары марапаттау рәсімі өтті. Үздік танылған қызметкерлерге Құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өндірісті дайындау жөніндегі инженер Азат Сатыбалдин иеленді. Азат электронды рұқсат нарядты енгізуді ұсынды. Бұл рұқсаттың қолданыстағы құжаттармен салыстырғанда бірқатар басымдығы бар.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жетекші инженер-энергетигі Нұржан Шуринов 2-ші орын алды. Нұржанның жобасы электр қондырғыларына абайсызда жақындау нәтижесінде электр тогымен зақымданудан қызмет көрсетуші персоналды қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке кернеу дабылдағыштарын қолдануды қамтиды. Бұл құрылғының жұмыс жасау принципі электр өрісінің берілген деңгейі жоғарылаған кезде арнайы белгі береді.

Ал, 3-ші орын «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС техникалық қолдау көрсету тобының әкімшісі Павел Сиковқа бұйырды. Павел Сиков ұсынған идея – аса қауіпті еңбек жағдайлары және/немесе қауіптің жоғары факторлары бар уческелерде еңбек ететін компания жұмыскерлерін SMART PPE («ақылды») концепциясы бойынша жеке қорғану құралдарымен қамту. Бұл инновацияны енгізу өндірістік жарақат алу қауіпі азайтуға септігін тигізеді, тәртіпті нығайтады. Сонымен бірге штаттан тыс апаттық жағдайлар болған кезде анағұрлым жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!