Өндіріс

ҚазТрансОйл

«ҚазТрансОйл» АҚ өткен 9 айда 1 105 құбырды жөндеді

04/11/2019

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілердің сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында магистральдық мұнай құбырларының 1 105 құбыр ақауын жойды. Жөнделуге тиісті бұл ақаулар «Жаңажол-Кеңқияқ», «Әлібекмола-Кеңқияқ», «Кеңкияқ-Орск», «Өзен-Атырау-Самара», «Мартыши-Атырау», «Т.Қасымов ат. МАС — «663км» МАС — АМӨЗ», «663км» МАС — АМӨЗ», «Комсомол – Мақат», «Прорва-Құлсары», «МАС-3-Қосшағыл», «Өзен — Жетібай – Ақтау» (2-тарау), «Қаламқас — Қаражанбас – Ақтау», «Солтүстік Бұзашы – Қаражанбас», «Құмкөл-Қарақойын» Ф530мм, «Құмкөл-Қарақойын» Ф720мм, «Құмкөл-Қарақойын» Ф820мм, «Павлодар-Шымкент», «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырларының учаскелерін 2014-2018 жылдары құбырішілік диагностикалау кезінде анықталған.

«Атап айтқанда, екі жердегі ақаулы сегменттер кесіліп, «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Павлодар» бас мұнай айдау станциясы (БМАС) – «Атасу» БМАС учаскесінде мұнай құбырының желілік ысырмасы ауыстырылды. Сондай-ақ, уақытша жөндеу құрылымы кесіліп, «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Атасу» БМАС — Б.Жұмағалиев атындағы БМАС технологиялық учаскесінде вантузды ысырма тоқтатылды, — деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов.

Ол сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауытына мұнай тасымалданатын «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырын тексеру нәтижесінде «Шолақ-Қорған» БМАС — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» қабылдау-тапсыру пунктінде майысқан жерлерді атап өтті. Ақаулар мұнай құбырының учаскесінде топырақтың қозғалуына байланысты пайда болған. «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 4 жерінде майысып кеткен құбырлар кесіліп тасталды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 9 айында мұнай сақтауға арналған 4 резервуарға сыртқы коррозияға қарсы жабын, 10 резервуарға — ішкі коррозияға қарсы жабын төселді. 35 резервуар тексерілді, оның ішінде 10 резервуарға толық диагностика, 25 резервуарға ішінара диагностика жасалды. 7 мұнай қыздыру пештеріне коррозиядан қорғау жұмыстары жүргізілді. 16 мұнай қыздыру пештері техникалық диагностикадан және сараптамалық тексерістен өтті.

Магистральдық мұнай құбырлары объектілерінің сенімділігі мен апатсыз жұмыс істеуін арттыру күзет және өрт дабылын, автоматты өрт дабылы мен өртті өшіру электр басқаруды қайта құру жобаларын іске асырумен байланысты. Қазіргі уақытта «Созақ» мұнай айдау станциясы мен «Атасу» БМАС күзет және өрт дабылын қайта реконструкциялау жұмыстары аяқталып қалды. Жұмыстар орындау кестесіндегі мерзімнен бұрын жүргізіліп келеді. Объектілерді тапсырудың жоспарлы мерзімі – 2019 жылғы желтоқсан айы.

Жезқазған мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының күзет және өрт дабылы, «Шолақ-Қорған» бас мұнай айдау станциясының өр сөндіру электр басқарудың автоматты өрт дабылы жүйесі, Б.Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау станциясы, «Сай Өтес» мұнай қыздыру станциясы жаңартылуда. Аталған нысандар осы жылдың соңында тапсырылады.