«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік саясатының басым бағыты – қайырымдылық шаралары. Биылдан бастап компания қамқорлығына Нәсіпқали Марабаев атындағы мектеп-лицей бекітілген болатын.  Жаңа оқу жылына орай компания мектептің екі кабинетін 30 компьютермен жабдықтап, сыйлық жасады. Екі сынып жаңа бағдарламамен жасақталған заманауи технологиямен толықты. Салтанатты шараға компания Басқармасы, Нәсіпқали Марабаевтың жұбайы Ләйлә Марабаева мен жас мұнайшылар қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Нәсіпқали Марабаев мектебі — білім сапасы жағынан көш басында. Әсіресе, IT технология бағытына бет бұрған оқу ордасы үшін компанияның бүгінгі тартуы — таптырмас мүмкіндік,-дейді мектеп директоры Гүлден Иманғалиева. Бұл кабинеттің ерекшелігі —  талапқа сай компьютрлер,  3Д принтерлер, интерактивті тақта — біздің мектепке аса қажетті құралдар болып есептелінеді. Жаңартылған оқу бағдарламасына сай, информатика пәні үшінші сыныптан бастап еніп жатыр, енді барлық балаларды информатика сабағымен қамту мүмкін болады.

Компанияның жомарттығы мұнымен шектелмеді. «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы атынан мектептің қамқорлық Кеңесінің мүшесі, Ләйлә Марабаеваға қазақ мұнайының 120 жылдық мерекелік төсбелгісі табысталып, ұстаздарға естелік кәдесыйлар таратты.