Өзекті

ҚазТрансГаз

Fitch «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады

09/08/2019

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Болжам – «тұрақты».

«Рейтингтерді растау арқылы, біз ҚТГ-ның кредиттік қабілеттілігі 2018 жылы PetroChina International Company компаниясымен 5 жылдық келісімшарт жасасқаннан кейін Қытайға газ экспорттаудан түсетін пайда үлесінің ұлғаюына байланысты дербес негізде елеулі жақсарғанын растаймыз. ҚазТрансГаздың бизнес-кәсібі Қазақстанның газ тасымалдау және тарату сегментінде компанияның үстем позициясымен көрініс тапса, экспорттың қосымша көлемдері ішкі нарықтағы реттеуші органдар тарапының талаптарын орындаудан туындаған шығындарды әртараптандыруды қамтамасыз етеді және левериджының төмендеуін, сондай-ақ 2019-2021 жылдары қаржылық профильді анағұрлым нығайтатын болады. Нәтижесінде ҚТГ дара кредиттік қабілеттілігі «bb» деңгейінен «bbb-» деңгейіне ауысты, — деп хабарлайды  Fitch Ratings агенттігі.