Әлеумет

ҚазГерМұнай

«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері балаларына арналған мереке

07/06/2019

2 маусым күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Серіктестік қызметкерлерінің және ҚГМ-ның ұзақ мерзімді мердігер мекемелері жұмысшыларының балаларына арналған цирк қойылымының 2 тегін сеансы ұйымдастырылды.

Балаларды көңілді майрампаз күлдірді, өнертапқыш сиқыршы таңдандырды, өнерлі эквилибрист өз өнерімен қайран қалдырды, үлкен питоны бар акробат арбады, ашық түсті хула-хуптары бар биші кыз назарды өзіне аудартты.

Іс-шараға барлығы мың бала қатысты. Қойылым аяқталған соң оларға тәттілер жинағы берілді.

Өткізілген іс-шарадан бөлек «Қазгермұнай» БК» ЖШС маусым айын балаларға арнауды ұйғарды. Компанияда қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай суреттер сайысы жарияланды, жеңімпаз осы айдың соңында анықталады.