Жаңа нысан ашылды

Жаңа нысан ашылды
13.05.2016
233
Өндіріс

Жаңа нысан ашылды

XX ғасырдың екінші жартыжылдығынан бастап Маңғыстау облысының көптеген елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етіп келе жатырған  «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС (әрі қарай, Серіктестік) бөлімшесі – Сауысқан кен орнында жаңа тұрмыстық-шаруашылық кешен бой көтерді. Ескі ғимарат өткен ғасырдың 1970-ші жылдары салынған. Жаңа кешен жұмыс және киім ауыстыру бөлмелерімен, душ кабиналарымен және ас үймен қатар тынығу бөлмелерімен жабдықталған.
Жаңа кешеннің бой көтеруіне қолдау көрсеткен «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ  және «Өзенмұнайгаз» АҚ. Сауысқан кен орны ашылғалы 78,475 млн м³ тұщы су өндіріліп, тасымалданды. Кен орындағы барлық ұңғымалар саны – 46. Ұңғымалар тереңдігі 20-52 метр аралығы. Өндірілетін су көлемі тәулігіне 3700 м³ құрайды. Магистралдық құбыр ұзындығы 54км, Ø377мм. Бүгінгі таңда Сауысқан кен орнынан өндірілетін тұщы судың тұтынушылары – Ұштаған ауылы, Сазды ауылы, Қызылсай ауылы, Бостан ауылы, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Медикер Плюс» ЖШС.
Сауысқан кен орнын 1969-1974жж. аралығында Сисенбаев Сарсенғали, 1974-1998 жж. аралығында Махмутов  Жоламан сынды ағаларымыз кен орнының өндірісін, ұжымын абыройлы басқарды. 1998 жылдан бастап осы күнге дейін Жарылғасов Қарайдар 18 қызметкерден тұратын шағын ұжым болса да, Маңғыстау облысы халқының алғысына бөленіп отырған, үлкен жұмыс атқаратын ұжымды басқарып келеді.
Білім басы – бейнет, соңы зейнет демекші, Сауысқан кен орнының 50 жылдық тарихында кен орынның дамуына үлес қосып, еңбегінің жемісін көрген, зейнеттегі аға-апаларымыз, ауыл ақсақалдары, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директордың бірінші орынбасары Қайырбек Елеусінов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының құрылыс бойынша орынбасары Салтанат Ысқақов кешеннің ашылу салтанатының қадірлі қонақтары болып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
 Жаңа кешеннің ашылу салтанатына орай, Серіктестік ер-азаматтары арасында футбол ойыны өткізіліп, жеңімпаздарды «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директордың бірінші орынбасары Қайырбек Елеусінов марапаттап, футбол ойыны – өзінің де сүйікті спорт түрі екенін атап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх