Жаңашылдық жетістікке жетелейді

Жаңашылдық жетістікке жетелейді
30.11.2018
43
Өндіріс

Жаңашылдық жетістікке жетелейді

Тәжірибе алмасу

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан Нақпаев бастаған мамандар Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымы бағытындағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болып қайтты. 


Танымдық сапарға Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары, басқару аппаратының әлеуметтік саясат департаментінің, жұртшылықпен байланыс қызметінің және құжаттармен қамту тобының қызметкерлері қатысты.
– Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік. Осы мақсатта еліміздегі ірі мұнай-газ конденсантын өндіретін ірі кеніш Қарашығанақта болып, жұмысшыларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер мен өңірдің инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы игі шаралардың орындалуымен танысу үшін екіжақты кездесу ұйымдастырылуда. Компаниялар арасындағы әріптестік байланысты нығайту арқылы жаңалыққа бағытталған жаңа шаралармен танысамыз, тың жобаларды жүзеге асыру жолында бірлескен жұмысты жандандырамыз деген ойдамыз, – деп атап өтті кездесу барысында ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан Нақпаев. 
Сапар барысында ембіліктер Қарашығанақ кен орнының әлеуметтік нысандарында болып, жұмысшыларға жасалған әлеуметтік көмектермен жан-жақты танысты. ҚПО мамандары ЕМГ өкілдеріне кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік пакет шеңберінде қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызмет, демеушілік пен қайырымдылық жобаларының жүзеге асуы туралы айтып берді.  
Сондай-ақ, ЕМГ қызметкерлері «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымы бағытындағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Самал» вахталық қалашығында да іс-сапарда болып қайтты. 
Сапар барысында ембіліктер аталған вахталық қалашықтағы жатақхана жағдайымен, асхана жұмысымен, қызметкерлердің демалыс орындарымен кеңінен танысты. НКОК мамандары ЕМГ өкілдеріне кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызмет туралы баяндады.  
Компаниялар арасындағы әріптестік байланысты нығайту арқылы тың жобаларды жүзеге асыруға болады. Сапарлардың қорытындысында ембіліктер осындай ой түйді.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх