Астанада Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі басталды

Астанада Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі басталды
31.10.2018
36
Жаңалықтар

Астанада Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі басталды

Қазанның 31-і күні Астанада Тәуелсіздік сарайында бесінші Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі өз жұмысын бастады. Іс-шара Каспий өңіріндегі мұнай-газ секторының қолдауымен Мұнайшы-инженерлер Қоғамы (SPE) және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ  ұйымдастыруымен  өтуде. Қарашаның 2-іне дейінгі аралықты өтетін бұл халықаралық шарада мұнай өндірудің өзіндік құнын төмендету және сала жұмысының тиімдігі туралы мәселелер талқыланады.

Конференцияның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев, SPE 2019 президенті Сами Альнуаим, «KAZENERGY» Қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин және «PSA» ЖШС бас директоры Мұрат Жүребеков сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мұнайгаз саласының келешегі мен өзара іскерлік ынтамақтастық мәселелеріне тоқталып өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі таңда Қазақстан энергетикалық ел ретінде танымал және мұнай өндіру бойынша ең озық 15 елдің қатарында екенін атап айтты. Бұл ретте министрліктің жер қойнауын пайдалану, өндірістік озық технологяларды енгізуге бағытталған бастамалар бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын жеткізді.

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысушыларды Ұлттық компания атынан құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.  Қ.Есқазиев Қазақстанның мұнай-газ секторының қол жеткен жоғары жетістіктері Үкіметтің, мұнайшылардың, шетелдік инвесторлардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін деп атап көрсетті. Сондай-ақ, бүгінгі күннің өзекті міндеті тиімді геологиялық барлау жүргізу және қорлар көлемін арттыру екенін баса атап айтты.  «Жаңадан қабылданған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының 10 жылдық  Даму стратегиясы ауқымды геологиялық барлауды дамытуға бағытталған» деді    Қ.Есқазиев.

Биылғы конференция «Инвестициялық жобаларды ынталандыру үшін мейлінше бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбын қамтып отыр.  Конференция барысында инвесторлар мен өндіруші компаниялар үшін панелдік сессиялар өтеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх