Ембіде өткен екі күн

Ембіде өткен екі күн
30.10.2018
29
Өндіріс

Ембіде өткен екі күн

Қазанның 22-23 күндері «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына ұлттық компаниялардың басшылары және IT–секторы мен өндіріске жауапты өкілдері келді. 
Өндірістік нысандар мен ЕМГ-нің бас кеңсесіне жоспарланған екі күндік сапарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Қ. Есқазиев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ IT департаментінің басқарушы директоры Д. Керейбаев, Самұрық-Қазына IT және цифрландыру кеңсесінің жетекшісі Д.Сакрюкин, ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры М.Сәлімгереев, ҚМГ ҰК IT және трансформация жөніндегі басқарушы директоры Д.Салов, ҚМГ өндірістік процестерді автоматтандыру департаментінің директоры Т.Махамбетов қатысты.  
Сапардың алғашқы күні делегация мүшелері 2016 жылдан бері «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы сәтті жүзеге асып жатқан Қызылқоға ауданындағы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің Уаз кен алаңында болды. 
Кен орнында өндірістік процесстер, сондай-ақ­
 «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы бойынша техникалық шешімдердің барлық кезеңі – операторлардың бақылау бөлмесі, тереңдікте және бұрандалы сорғыларда орнатылған басқарудың интеллектуалдық стансалары, автоматтандырылған топтық өлшем қондырғылары (АТӨҚ), тік болат резервуарлар, өртке қарсы қорғанысы бар және автоматты түрде тұталатын мұнайды қыздыру пештері, мұнай, су және газды жедел есептеу қондырғылары кеңінен таныстырылды. Бұған қоса, ЕМГ қызметкерлері әзірлеп, енгізген бағдарламалары, мәліметтерді жіберу инфрақұрылымы егжей-тегжейлі көрсетілді.  
Кейіннен «Қайнар» вахталық поселкесінің мәжіліс залында өткен жиында Компания мамандарының «Техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу» (ТҚКжЖ) жобасы бойынша атқарылған ауқымды жұмыстардың есебі тыңдалып, аталған бағдарламаның мақсаты, міндеті және тиімділігі жан-жақты сөз болды. Сонымен қатар, жабдықтардың бұзылуы туралы хабарламалар, наряд-тапсырмаларды жасақтау, тауарлы-материалдық қорларды (ТМҚ) есептен шығару сияқты ТҚКжЖ жүйесінің тиімді тұстары көрсетілді. Бұған қоса, ТМҚ анықтамалығы жасақталды. Барлық жабдықтар, техникалық орындар туралы мәліметтерді цифрландырған және технологиялық карталарды жасаған  нормативті-анықтамалық ақпарат департаменті мамандарының екі жылдық жұмыс нәтижесі сараланды. Жиын кезінде сорап-компрессор құбырын есепке алу негізінде ТҚКжЖ жобасының  SAP ERP жүйесіндегі сорап-компрессор құбырларын есептеу бойынша іске асқан бизнес-процестер таныстырылды. 
«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына сапар барысында делегация мүшелері «Интеллектуалды кен алаңы» жобасының Прорва кен алаңдары тобына таратылу жүйесімен танысты. Компания мамандары Самұрық-Қазына және ҚМГ ҰК өкілдеріне ұңғымаларды басқару интеллектуалды стансасының, Прорва мұнайды дайындау және айдау цехының, газды кешенді дайындау қондырғысын сандық жүйемен қамту жұмыстары туралы айтты. «Самал» вахталық поселкесін аралау барысында ұлттық компаниялардың өкілдері мұнайшылардың тұратын, тамақ ішетін және демалатын орындарын бақылады.  
Сапардың екінші күні қонақтар Компанияның бас кеңсесіндегі ЕМГ-нің интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті бақылау ортылығында болды. ЕМГ қызметкерлері аталған орталықтың онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігі бар екенін, барлық ақпарат жедел түсіп тұратынын,  соның негізінде шешімдер қабылданатынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің технологиялық үдерістерін басқару автоматтандырылған жүйесі, ЕМГ-нің барлық кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтері, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесі туралы мол мағлұматтар берілді. Уаз кен алаңындағы «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы негізінде ұңғымалар матрицасы, АТӨҚ, мұнайды дайындаудың технологиялық кестесі, екі сағаттық кесте, ұңғымаларды жерасты жөндеу модулі, басқармалардың интеллектуалдық стансаларының мониторингі және т.б. блоктардан тұратын «Өндіру мониторингінің модулі» таныстырылды. 
Жұмыс сапарын қорытындылау кезінде Д.Керейбаев Компания қызметкерлерінің ТҚжЖ және цифрландыру жобалары бойынша жасаған жұмыстарын жоғары бағалап, оларды жүзеге асыру бағытындағы Ембінің IT-мамандарының, өндіріс және бизнес бөлімшелері қызметкерлерінің біріккен жұмыстарын ерекше атап өтті. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх