ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша өтінімдер саны артуда

ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша өтінімдер саны артуда
25.10.2018
111
Экономика

ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша өтінімдер саны артуда

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алуды жалғастырып жатыр. Бүгінгі күні KASE алаңында ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттықтың бесінші раундын өткізу үшін өтінімдер қабылданып жатыр. Өткен сауда-саттықтың нәтижелері бойынша ҚМГ БӨ акцияларды сатып алу бағдарламасын іске қосу сәтінде еркін айналымдағы артықшылықты акциялардың жалпы санының 35,6%-ын сатып алып үлгерді. Еске сала кетейік, 13 тамызда ҚМГ БӨ 
1 905 209 акцияға дейінгі көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. ҚМГ БӨ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаров артықшылықты акцияларды қайта сатып алу бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. 


– Дастан Елемесұлы, арнаулы сауда-саттық осыған дейін 4 рет өткізілді. Нәтижелері қандай? 
– Қазіргі уақытта ҚМГ БӨ 8,7 млрд теңгеден артық сомаға 679 560 артықшылықты акциясын сатып алды. Бұл тек өткен төрт раундтың көрсеткіші ғана, келесі есеп айырысу 1-ші қарашада болады. Ал бағдарламаның өзі қарашаның 16-на дейін жалғасатынын білесіздер. Демек, акционерлердің құжаттарды толтырып, барлық қажетті процедуларды өтуге әлі де уақыттары бар. 
Бүгінгі күні қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының көпшілігі ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларды қайта сатып алу бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын сатты. Ал нарықтың кәсіби емес қатысушыларына өз акцияларын сату үшін тиісті процедулардан өтуге біраз уақыт қажет. Жалпы алғанда артықшылықты акциялар санының көп бөлігі жеке тұлғалардың қолында екенін атап өткен жөн. Қазіргі кезде жеке тұлғалардан түсіп жатқан өтінім санының артқаны байқалады. Күніне орта есеппен 50-ден астам өтінім келіп түседі. 
– Акционерлердің арасында акцияларды сатып алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма? 
– Әрине, ондай жұмыстар жүріп жатыр. Біз акционерлермен кездесіп, бағдарламаны кеңінен түсіндірдік. Кездесулерге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен ҚМГ БӨ басшылығы қатысты. Жиналыстар ашық форматта өткізілді. Кез келген акционер өзін толғандыратын сұрағын қойып, оған тұщымды жауап алды. Бұдан бөлек, «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе отырып, 1499 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Оның қызметкерлері аталған бағдарлама бойынша арнайы оқудан өтті. Call-орталықта сұраққа жауап беруге қиналатын болса, онда қоңырау шалушыны құзырлы қызметкерлерге қосуға мүмкіндік бар. «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қызметкерлерінің көп бөлігі ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының ұстаушылары екені ескеріліп, акцияларды сатып алу тетігі жөніндегі нақты нұсқаулықтар ӨМГ мен ЕМГ, ҚМГ БӨ кеңселерінің лифттерінде, кен орындардағы асхана мониторларында орналастырылды. Қазір де көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар осы компанияларда және Атырау мен Жаңаөзен қалаларындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде лифлеттер таратылды. Біз артықшылықты акцияларды сатып алу туралы материалдарды корпоративтік газеттерімізге жариялап тұрамыз. Бұл жұмыскерлеріміз арасында сұранысқа ие газеттер. Қосымша ақпарат республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналас­тырылады. Әрбір раундтың нәтижелері де KASE сайтында және ҚМГ мен ҚМГ БӨ ресми сайттарында жарияланады. 
– Әңгімеміздің басында әрбір акционер өз акцияларын сату үшін белгілі бір процедуралар өтеді деп айтып өттіңіз. Бұл процедуралар нені қамтиды? 
– Біріншіден, акционер өзінің артықшылықты акцияларын сатуға өздігінен шешім қабылдайды. Одан кейін брокерлік шот ашуға «Қазпошта» АҚ-мен немесе кез келген басқа брокерлік компаниямен келісімшартқа отырады. Бұл ретте ҚМГ БӨ трансфер-агент және брокер ретінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ-ның шығындарын өзі көтереді. Қалаңызда Тіркеушінің кеңсесі болмаған жағдайда, «Қазпошта» АҚ трансфер-агентіне жүгініп, акцияларды есептен шығаруға бұйрық беру қажет. Бұдан кейін барып акцияларға қабылдауға тікелей бұйрық беріледі. Келесі қадам – биржадағы арнаулы сауда-саттыққа қатысуға бұйрық бересіз. Кезекті есеп айырысу жүргізілгеннен кейін акционер брокерге жүгініп, ақша қаражатын аударуға тапсырма береді. Артықшылықты акцияларды сатып алу рәсімі туралы егжей-тегжейлі ақпарат ҚМГ БӨ-нің корпоративтік сайтында орналастырылған. 
– Акционер өз акцияларын сатпаған жағдайда не болады? Бұның салдары неге әкеледі? 
– Бұған дейін жария етілгендей, қайта сатып алу бағдарламасы аяқталғаннан кейін артықшылықты акциялардың делистингін жүргізу жоспарланып отыр. Яғни, құнды қағаз сауда-саттықтан алынады. Енді акционерлер Қазақстан қор биржасының алаңында өз акция­ларын нарық бағасымен сата алмайды. Бұдан басқа, бүгінде ҚМГ компаниялары тобында ауқымды оңтайландыру жүріп жатқандығы белгілі. Оның ішінде ҚМГ БӨ қызметін тоқтату туралы мәселе де қаралып жатыр. Бұл жағдайда акционерлік қоғамдар туралы ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіпте барлық акциялар (жай және артықшылықты) өз күшін жояды. Өзіне тиесілі артықшылықты акцияларды сату туралы шешімді қабылдау бұл акционердің жеке құқығы. Акция иесі өз қалауы бойынша әрекет етеді. Артықшылықты акцияларды иемденетін акционерлер барлық факторлар мен тәуекелдері ескеріп барып, өздеріне тиесілі артықшылықты акцияларды сату не сатпау жөнінде шешім қабылдауға тиіс. 
– Әңгімеңізге рахмет!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх