Ірі мұнай-газ компанияларының заң қызметкерлері бас қосты

Ірі мұнай-газ компанияларының заң қызметкерлері бас қосты
12.10.2018
22
Жаңалықтар

Ірі мұнай-газ компанияларының заң қызметкерлері бас қосты

Қыркүйектің 26-27 күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету блогы үшжақты ынтымақтыстықты дамыту және тәжірибемен алмасу шеңберінде «Шеврон», «Теңізшевройл» компанияларының заң қызметтері және ірі мұнай-газ активтерінің блогы үшін семинар-кеңестер өткізді. 

Семинар-кеңестерге «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор А.Мұқышов және ірі мұнай-газ активтері жөніндегі басқарушы директор О.Сұлтанов, «Шеврон» компаниясынан  Еуразиялық бөлімшенің басқарушы кеңесшісі С.Әженов, Еуразиялық және Таяу Шығыс бөлімшенің аға кеңесшісі С.Фентем, бас кеңсенің аға кеңесшісі К.Ханце, бас кеңсенің бақылаушы заң кеңесшісі Д. Селецкий, Еуразиялық бөлімшесінің құқықтық кеңесшісі Н.Өтебалиев, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен құқықтық қамтамасыз ету департаменті бас менеджерінің орынбасарлары К.Фергюсон және Ғ.Мұрсалиев, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету блогының және Теңіз жобасы департаментінің қызметкерлері қатысты. 
Спикерлер ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (АХҚО) Басқарма төрағасының орынбасары М.Әйтенов және АХҚО Сот және халықаралық арбитраждық орталықтың сыртқы байланыстар менеджері Э.Яушева шақырылды. Қонақтар шетел инвесторларын АХҚО және халықаралық арбитраждық орталықтың құқықтарымен таныстырды. 
Жұмыс сессиялары барысында құқық саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, жан-жақты талқыланды. Тараптар өзара пікір және тәжірибелермен алмасты. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ заң қызметінің баяндамалары құқықтық қамтамасыз ету блогының жұмысы, трансформация және орталықтандыру шеңберінде болған соңғы өзгерістер мен жетістіктер, заң функцияларын жетілдіру, сондай-ақ өткізіліп жатқан арбитраждық, наразылық-талап қою және заң шығару жұмыстарына арналды. 
Өз кезегінде, «Шеврон» компаниясы мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің құқық блоктарының өкілдері «Келісімшартты жасасу және орындау практикасын жетілдіру», «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Құқықтық қамтамасыз ету департаменті қызметінің реттеуші-сараптамалық бағыты» тақырыптарына баяндама жасады. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры А.Мұқышов осындай жиындардың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Оның айтуы бойынша, мұндай шаралар компаниялардың құқықтық бөлімшелері арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың дамуы мен нығаюына жәрдемдеседі және өзекті құқықтық мәселелерді талқылау мен тәжірибе алмасу үшін интерактивті алаң болып табылады.  
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх