Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды
12.10.2018
63
Қызметкерлер

Үздіктер марапатталды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Нұғыманов пен кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Үздік маман-2018» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын, байқауда төрелік еткен қазылар алқасын және өндірісте іркіліс болмау үшін демалыс күндері де жұмысқа шығып, ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген бір топ азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырды. 
«Сіздер сый-құрметке адам еңбегі арқылы қол жеткізетінін дәлелдедіңіз. Компания мәртебесін, еңбек адамының мәртебесін көтеріп, компания намысын қорғап жүрген Сіздерге жеке өз атымнан және мекеменің еңбек ұжымы атынан шексіз алғысымды білдіремін. Биіктерді бірге бағындырып, жетістіктерге бірге жете берейік», – деді бас директор Жәнібек Нұғыманов. 
Салтанатты шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх