Кендірлінің жазғы маусымы жабылды

Кендірлінің жазғы маусымы жабылды
28.09.2018
16
Әлеумет

Кендірлінің жазғы маусымы жабылды

Қыркүйек айының 22 жұлдызы күні «Кендірлі» демалыс аймағында дәстүрлі  жазғы маусымының жабылу салтанатына арналған мерекелік шара өткізілді.
Дәстүрлі салтанатты «KMG EP- Catering» ЖШС «Кендірлі» демалыс аймағының басшысы Ачилов Сағидулла Хыдырбайұлы ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі.
«Өлкеміздің қара алтын игерушілері – мұнайшылардың бос уақытын, жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында қызмет көрсетіп келе жатқан демалыс аймағы Кендірлі – Каспий жағалауындағы көз тартар көгалды мекендердің бірі. Осы жылдың басынан бері қарай «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамынан, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарасты еншілес және тәуелді ұйымдарды қосқанда барлығы 14 000 адамдай «Кендірлі» демалыс аймағында демалды», – деді ол. 
Мәдени шарада Жаңаөзен қаласының өнерпаздары өнер көрсетіп, демалушылардың қатысумен әр түрлі ойын­дар ойнатылды. Қала өнерпаздарының концерті жастардың би кешіне ұласты.  Мереке 100-ге жуық көрерменді қамтып, жоғары деңгейде өтті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх