Сақтансаң сақтайды...

Сақтансаң сақтайды...
29.04.2016
507
Еңбекті қорғау

Сақтансаң сақтайды...

Еңбек қауіпсіздігін сақтау қашан да маңызды шара. Бұл бағытта «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау шаралары талапқа сай жүргізіліп келеді. Өткен жылы Қоғам бойынша 7 өндірістік жазатайым оқиға орын алды. Жалпы, өндірісте мұнай кәсіпшілігінің қауіптілігі жоғары 3749 жабдықтар мен қондырғылар бар. Олардың бәрі жұмысшылармен тікелей байланысты. Сондықтанда жұмыс барысында аса сақ болмаса болмайды.

Осы бағытта еңбек қорғау бойынша сабақтар мен оқулардың маңызы зор десек, жыл бойына еңбек, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі тақырыбында дәріс алғандар саны 5517 адам болды. Тағы бір айта кетерлік жайт, 2015 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да енгізілген «қауіпсіздікті сақтаудың алтын ережесі» барлық құрылымдық бөлімшелерде таныстырылып, сол бойынша арнайы сабақтар, оқулар өтті. Нәтижесінде жұмысшылардың қауіпсіздікке деген көзқарасы жақсарды, талапшылдық, сын көзімен қарау басымдық алды. Тиімді жақтары көп болып, ол бағытта жұмыстар жалғасуда. Арнайы сабақтармен қатар, аусымалды нұсқама да өтеді. Ол үшін арнайы жабдықталған кластар болуы шарт. Былтырғы жылы осындай 39 класс жан-жақты жабдықталып, түрлі суреттер, плакат, әдістемелік көрнекі құралдар ілінді. Оған қоса өндіріс басында 157 қоғамдық инспекторлар жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі бойынша «Тұрғараев» ЖК түсірген бейнетүсірілімдер үнемі көрсетілді. Онда алғашқы медициналық жәрдем, өрт немесе эвакуация кезіндегі қызметкерлер әрекеті, ауыр жүктерді көтеру, отпен және дәнекерлеу жұмыстары, қауіпті жүктерді тасымалдау, т.б. көптеген тақырыптар қамтылған. Кәсіпорында жыл сайын «Үздік маман» сайысы өткізіліп, жеңімпаз мамандардың біліктілігі жоғарылатылады. 
Әрине, ең бастысы денсаулық. Дені сау адам ғана өнімді еңбек ете алады және қауіпсіздік талаптарын сақтайды. Жұмыс алдында еңбек орындарында бекітілген мамандықтар тізімі бойынша ауысымалды медициналық куәландыру жүргізіледі. Ал, арнайы киімге келсек, жұмысшылар арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді.

Ақмарал Бохаева, Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх