Бір команданың ойыншылары

Бір команданың ойыншылары
28.09.2018
30
Қызметкерлер

Бір команданың ойыншылары

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №1 Мұнай-газ өндіру басқармасының Скважиналарды жерасты жөндеу цехының бастығы Мақсат Мысаев «Еңбек етпей, маңдайдан терді төкпей нәтижеге жету мүмкін емес. Бригададағы жігіттердің қай-қайсысы да өзінің ісін, тапсырылған міндетін абыроймен орындайды», – дейді.
№5 СЖАЖ бригадасында бірнеше жылдан бері жұмыс жасап жүрген шебер Таңатар Сүйебаев, оператор Досан Асанов, оператордың көмекшісі Жеңіс Алауединов, машинист Нұрасыл Тоқбаевтар ел ырысын еселеп жүрген майталман мұнайшылар, өз ісінің білікті мамандары. 
Бригада жігіттері демалатын вагонда кондиционер де, тоңазытқыш та, қысқа толқынды пеш те бар. Асханадан термоспен ыстық тағамдар да уақытында жеткізіліп тұрады. 
«Алдыңғы қатардағы озық елдердің қатарына ену үшін әрбір қазақ дамыл таппай еңбек етуі керек» – дейді олар бірауыздан. 
«Қара күшпен атқарылатын жұмыстан шаршамайсыңдар ма?» – деген сұрағыма олар «Шаршау ақылдан туындайды. Егер жұмыс ұнамаса, қызықсыз болса, түк бітірмей шаршап жүресің. Ал бізге өзіміздің жұмысымыз қатты ұнайды. Тіпті қара жұмыстың адам денсаулығы­на тигізетін пайдасы да зор», – деп жауап берді. 
Бригада жігіттері образдап айтқанда бір команданың ойыншылары. Жұмыс жүру үшін оларға ынтымақ пен бірлік, өзара түсіністік ауадай қажет! Аталарымыз «бірлік бар жерде, тірлік бар» деп бекер айтпаса керек. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх