Мұнай саласындағы жас маман

Мұнай саласындағы  жас маман
28.09.2018
28
Қызметкерлер

Мұнай саласындағы жас маман

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №1 Мұнай-газ өндіру басқармасының №88/89 топтық қондырғысында 5-ші дәрежелі оператор болып жұмыс атқаратын Дәулет Зікірбаев мұнай өнімінің артуына барынша үлес қосып жүрген жас маман.

Дәулет аса қажетті мамандықтың бірін меңгеріп, бес жылдан бері оны тиісті дәрежесінде атқарып келеді. Жұмысынан жалыққан емес, өкінген жері және жоқ. Жұмысын таңертеңгісін мұнай беріп тұрған 107 скважиналарды аралаудан бастайтын оператор жігіт «бұрын жаяу жүргенде үйге әбден шаршап баратынбыз. Қазір бізге жұмысымызды жеңілдету мақсатында көлік берді. Басшылықтың қамқорлығына өте ризамыз» – дейді.
Бос уақытында қаламыздағы Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешеніне баратын Дәулет спорттың мағынасыз күйбеңнен демалдыратынын, үнемі қозғалыста болатын адамның сирек ауыратынын айтады. 
Оның компаниядағы әлеуметтің жағдайға да көңілі толады екен. «Асханада құнарлы тамақ дайындалады. Дәмді. Еңбек демалысымда Кендірліге 10 күнге барып, демалып қайттым.  Бәрі ұнады!» – дейді.     
Еліміздің әлеуметтік жағдайының жақсаруы – осы мұнайдың, оны өндіріп отырған Дәулет сияқты мұнайшылардың мігірсіз еңбегінің арқасы екені сөзсіз. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх