Қисымбайда – жаңа асхана

Қисымбайда – жаңа асхана
17.09.2018
66
Әлеумет

Қисымбайда – жаңа асхана

Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Қисымбай кен орнында өткен салтанатты шарада 50 орындық асхананың ашылу рәсімі ұйымдастырылды. 
– Бұл асхананың жобасы 2015 жылы басталды. Компанияның сол кездегі басшысы Құрманғазы Есқазиев осы идеяның авторы болған еді. Бүгін осы бастама іске асып, мұнайшылар күніне үлкен сый жасалып отыр. Өйткені, Қисымбай кен орнында 50 адам жұмыс жасайды. Бұған дейін мұнайшылар орынның тарлығына байланысты кезекке тұрып тамақтанса, енді жаңа асхана барлық жұмысшыларға бір мезетте қызмет көрсете алады. Сонымен қатар, тамақтың сапалы болуын да бақылап отырмыз. Себебі, біз үшін ең бастысы – жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығы, – деп атап өтті салтанатты шарада «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев. 
Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Атап айтсақ, өткен жылы «Жылыоймұнайгаз» басқармасына қарасты Ақінген кен орнында жаңа жатақхана салынса, биыл Құлсары қаласында мұнайшыларға арналып 32 орындық жатақхана бой көтерді. 
Салтанатты шара барысында еселі еңбектері бағаланған бір топ мұнайшылар марапатталды. Атап айтсақ, Прорвадағы мұнай және газ өңдеу цехының №4 Ақтөбе-Досмұхамбетов кен орны бригадасының 5-разрядты жөндеушісі Нұрлыбек Ахметов ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. №2 Терең-Өзек мұнай және газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бригадасының 4-разрядты жөндеушісі Ерболат Мирмановқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы, ал басқарманың өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Кәрімбаевқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісі табыс етілді. 
Аталған мұнай-газ өндіру басқармасының Прорвадағы мұнайды дайындап айдау цехының механигі Қуандық Құрбанов, Құлсарыдағы мұнайды дайындап айдау цехының Қисымбай мұнайды дайындап айдау телімінің тауар операторы Байжұма Жалғасбаев, Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Құдайберген Аманқосов, Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының 6-разрядты көтергіш машинисі Талап Кершубаев, №1 Қосшағыл мұнай және газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бригадасының 4-разрядты жөндеушісі Есет Кенжеғалиев «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұған қоса, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы автокөлік және арнаулы техника керуенінің 6-разряд мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету агрегатының машинисі Марат Сәлімгереевке, Прорвадағы автокөлік және арнаулы керуенінің 6-разряд бульдозер машинисі Жұма Өмірзақовқа, Прорвадағы нысандарды ағымдағы жөндеу учаскесінің 5-разряд ағаш шебері Есенгелді Байтанатовқа, Құлсарыдағы өндірістік құралдарды жөндеу және пайдалану цехының 5-разряд жөндеушісі Ақылбек Сенғалиға, зерттеу жұмыстар цехының 4 разряд ұңғыларды зерттеу операторы Айбек Сағынбаевқа «Ембімұнайгаз» АҚ Алғыс хаты табыс етілді. 
Доссор мәдениет үйінде де кәсіби мерекеге орай салтанатты шара өтті. Доссорлық мұнайшыларды ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары С.Нақпаев, Мақат ауданының әкімі Жұмабай Қарағаев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы Амангелді Сүлейменов құттықтап, үздік жұмысшылардың ерен еңбегін атап өтті. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісімен Қамбар Жолаев марапатталды. Жерасты байлығын игеріп, елдің кәдесіне жарату жолында аянбай еңбек етіп жүрген Жәнібек Құлғалиев, Берік Танашев, Жанұзақ Сұлтанов, Сәндібек Әділов, Мәлік Салиев 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасына, Елібай Мырзағали, Сисенғали Ақмұрзиев, Данияр Бисенов, Жақсыбек Сарбалин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар, басқа да қызметкерлер мен сала ардагерлері марапатталды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх