Арқан тартып, қошқарды да көтерді

Арқан тартып, қошқарды да көтерді
17.09.2018
41
Жаңалықтар

Арқан тартып, қошқарды да көтерді

Еліміз бойынша жыл сайын қыркүйек айының бірінші жексенбісінде мұнай-газ өндіру саласының қызметкерлері күні атап өтіледі. Жаңаөзен қаласында осы салаға қатысты мекемелер аталмыш кәсіби мереке шеңберінде түрлі шаралар ұйымдастырып, салтанатты жиындарда бас қосады. 
Биылғы жылғы кәсіби мерекені «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары ерекше тойлады. Серіктестік қызметкерлеріне арналып бас ғимарат алдында үлкен ақ қанат киіз үй тігіліп, мерекелік дастархан жайылды. Барша мұнайшылардың басын біріктірген отырыста концерттік бағдарлама жасақталып, ән мен жырдан шашу шашылды. Ерлер арасында қошқар көтеру, арқан тарту, әйелдер арасында үстел теннисі сынды спорттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Сондай-ақ, мереке қарсаңында еңбекте үздік деп танылған бірқатар қызметкерлер «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның және серіктестіктің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын иемденді. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх