Қызметкердің амандығы – басты назарда

Қызметкердің амандығы – басты назарда
29.04.2016
1328
Еңбекті қорғау

Қызметкердің амандығы – басты назарда

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында соңғы жылдары еңбекті қорғау саласында көптеген оң өзгерістер болып, жаңа жобалар енгізіліп, бірқатар кемшіліктер жойылды.

Нақты айтатын болсақ, соңғы кезде қызметкерлердің арнайы киімі мен аяқ киімінің сапасы анағұрлым жақсарды. Бүгінгі күні, арнайы киімге пайдаланған материал су мен май өткізбейді, өртенбейді, сондай-ақ антистатикалық жіптері бар. Ал арнайы аяқ киім гидрофобтық былғарыдан тігіліп, кевралдан жасалған ұлтарақ пайдаланылады. Аталған ұлтарақ табанды жарақат алудан сақтайды, Айта кетерлік жайт, аяқ киім салмағы анағұрлым төмендеді. Жеңіл аяқ киім-ыңғайлылық кепілі.
Акционерлік қоғамға қарасты барлық автокөліктерге арнайы белдіктер орнатылды. Жазатайым оқиға орын алған жағдайда, қызметкердің жарақат алуының алдын алуға сақтандыру белдігінің рөлі зор деп есептейміз. Соңғы кезде қоғамға қарасты басқармалар арасында бірін-бірі тексеру тәжірибесін енгіздік. Яғни, бекітілген кестеге сәйкес, ТӘК (тұрақты әкімшілік комиссиясы) басқа басқарма нысандарын тексеріп, кемшіліктерін анықтайды. 2014 жылдан бастап жыл сайын Қоғам бойынша кешенді іс-шара жасақталды. 
Атап айтатын болсақ, әр айдың қорытындысы бойынша Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік директорының өткен айда жасалған жұмыстары туралы есебі тыңдалады. 
Сонымен қатар, 2015 жылы Қоғаммен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті арасында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасақталды. Меморандум қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерлерінің, жарақаттанулар мен апаттардың алдын алуға және болдырмауға іс-шара қабылдау мақсатында жасалды.
Біздің департамент жуық арада қызметкерлердің жұмыс барысында қауіптілік деңгейін бағалауға, қауіпсіз жұмыстарға талдау жасауға және өндірістік жүріс-тұрыс аудитін жасақтау үшін жұмысшылардың  еңбек қауіпсіздігін сақтау мәдениетін жоғарылату бағдарламасын енгізуді және еңбек  қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында бейне роликтер түсіріп, тарату жобаларын іске асыруды қолға алып отыр.

Нұрлан Нұрымов, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ, Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің еңбекті қорғау жөніндегі аға инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх