KIOGE 2018 – Орталық Азиядағы ең ауқымды мұнай көрмесі

KIOGE 2018 –  Орталық Азиядағы ең ауқымды мұнай көрмесі
07.09.2018
66
Экономика

KIOGE 2018 – Орталық Азиядағы ең ауқымды мұнай көрмесі

2018 жылы 26-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында мұнай-газ индустриясындағы бірегей оқиға «Мұнай және Газ – KIOGE 2018» көрмесі мен конференциясы өтеді, оған Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдің саладағы ірі ойыншылары қатысады.

Ширек ғасырдан бері KIOGE көрмесі Қазақстанның мұнай-газ, «ақылды» технологияларды енгізу, мұнай-газ өндіру процестерін цифрлендіру саласындағы мәселелер мен өзекті тақырыптарды жариялдау мен талқылауға арналған маңызды алаң болып табылады.

Осы жылы көрме мен конференцияға Әлемнің 20 елінен келген 500 астам компания өкілдері қатысады.

KIOGE көрмесінде жетекші өндіруші, мұнай-газ және мұнай сервистік компаниялардан келген мұнай-газ өндіру кәсіпорындарына арналған жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық зерттемелер ұсынылады. Сонымен қатар экспозиция аясында нарық қатысушылары арасында іскерлік кездесулер, тұсаукесерлер, келіссөздер өтетін болады.

Қатысушылар арасында қазақстандық және халықарылық мұнай-газ қауымдастығының негізгі өкілдері: «ҚазМұнайГаз» ҰҚ», «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC, «Каспий Құбыры консорциумы» АҚ, «Татнефть ЖАҚ, «Транснефть» ЖАҚ, «Эмбімұнайгаз» АҚ, «Ресей экспорттау орталығы» АҚ және тағы көптеген басқалары.

Осы жылдың маңызды оқиғасы «KAZENERGY» Мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» ЗТҚ мен «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Осы құжаттың аясында 2018 жылдан KIOGE жұп жылдары, ал KAZENERGY форумы тақ жылдары өтетін болады. Келесі KIOGE 2020 жылдың қазанында өтетін болады.

KIOGE 2018 көрме қатысушыларының Сатып алулар департаментінің және Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы мен Қарашығанақты кеңейту жобасының бас мердігерлерінің қосалқы мердігерлік компаниялармен жұмыс жөніндегі департаментінің өкілдерімен В2В форматында кездесудің бірегей мүмкіндігі болады.

Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы «KazService» Қазақстан Сервистік Компраниялар Одағы мен ITECA ЖШС болып отыр. Іс-шараның күміс серіктестері  - Control Seal, «Комплект Арматура» ЖШС.

Бұл жылы көрменің іскерлік бағдарламасы, семинарлар мен тұсаукесерлер  Қазақстандағы «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ саласын цифрландырудың көшбасшысы Күміс серіктесі КИОГЕ 2018 қолдауымен өтеді. Көрме аясында келесі компаниялардың семинарлары мен тұсауксерлері өтеді:  «Теңізшевроил» ЖШС, NCOC, «Ембімұнайгаз» АҚ», Wonderware Kazakhstan, DOW, KIMEP, Геоғалымдар мен инженерлердің Еуропалық қауымдастығы,  «Прософт-Системы» ААҚ мен Тянь-Шань Engineering.

 

Іскерлік бағдарлама

KIOGE көрмесімен бір мезгілде KIOGE Қазақстандық Халықаралық Мұнай Конференциясы өтеді.

Ірі мемлекеттік компания өкілдері, салалық қауымдастықтар мен одақтар басшылары, отандық және халықаралық мұнай-газ өнеркәсіп мамандары Конференция қатысушылары мен спикерлері болады.

26 қыркүйекте үш сессия өтеді: «Инновациялар мен халықаралық ынтымақтастық тұрақты дамудың маңызды факторлары ретінде», «Жаңа заңнама ҚР өндіруші секторына және инвесторларға қалай ықпал етеді», «Мұнай-газ саласындағы негізгі цифрлік трендтер», оның жұмысына «ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «KAZENERGY» қауымдастығы, Мұнай-газ саласындағы заңгерлердің қазақстандық қауымдастығы, «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау Мұнай және газ институтының геология, геофизика және геохимия жөніндегі ғылыми орталығы, «Өзбекмұнайгаз» АҚ қатысады.

27 қыркүйекте «Бұрғылаудағы инновациялар мен «зияткерлік зерттеменің» тиімділігі», «Мұнай мен газды тасымалдау – даму перспективасына жаңа көзқарас» және «Мұнай сервисі қазақстандық индустрияның ең перспективалық бағыттарының бірі» сессиялары өтеді, олардың жұмысына ҚазмұнайГаз ӨБТ ҒЗИ, «Каспий құбыры консорциумы-К» АҚ және  «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ қатысатын болады.

Конференцияның екінші күн аясында «ТШО цифрлендіруді дамыту» және «Цифрлік өзгеру заманындағы адами фактор» тақырыбьында екі дөңгелек үстелдер өтеді.

***

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, «KAZENERGY» Мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» ЗТҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «KazService» Қазақстанның Сервистік Компаниялар Одағы, Қазақстандық Мұнайшылар-Геологтар Қоғамы (ҚМГҚ)  мен қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өтеді.

 KIOGE 2018  Алтын серіктестері - «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Каспий құбыры консорциумы» (КТК-К) АҚ, Dow Chemical. Күміс серіктестері - «Ембімұнайгаз» АҚ, Control Seal, «Комплект Арматура» ЖШС және «Ресей экспорттау орталығы» АҚ. Қола серіктестері - Fluor Kazakhstan Inc., Wabag және HMS Group машинақұрылысы және инжинирингтік холдингі

KIOGE 2018 ұйымдастырушылары Iteca көрме компаниясы мен оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания) болып табылады.

 

Көрме, конференция және семинарлар жайлы толық ақпарат  kioge.kz сайтында орналасқан.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх