Мұнайшы құрбыларыма жыр арнадым

Мұнайшы құрбыларыма жыр арнадым
29.08.2018
47
Қызметкерлер

Мұнайшы құрбыларыма жыр арнадым

35 жылдан соң

Келе жатқан мұнайшы күніне орай, мұнай саласында 35 жылдам астан уақыт еңбек етіп келе жатқан құрбыларым Құлқаева Қамажай, Бекжанова Гүлсім және озім туралы жазбақшымын. 1983 жылы біз бар-жоғы 18 жаста ЖҚҚС цехына жұмысқа кіргенбіз. Содан бері достығымыз жарасқан құрбылармыз. Құрбыларымды төл мерекемізбен құттықтай отырып, адал достығымыз жалғаса берсін деген тілегімді өзім шығарған мына өлең жолдарымен білдіремін. 

Киелі өңір – Маңғыстау,
Қойнауы толған мұнайға.
Кездестірген үш қызды,
Бұйыртып бір арнаға.
Асуларды бір асып,
Келеді достық жалғасып,
Жалындаған жастық шақ,
Сабырлықпен жаңасып,
Мұнайшы достар – үш құрбы,
Кешегімен бүгінгі.
Жылдар бойы жарасқан,
Қадірлі достық белгісі.

Рамила АМАНЖОЛОВА,
Жаңаөзен қаласы
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх