Тағайындау

Тағайындау
28.08.2018
56
Қызметкерлер

Тағайындау

Осы жылдың 13 тамызындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның №399-л бұйрығына сәйкес Бақыт Алтайұлы Иманбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Маңғыстаумұнайгаз және Өзенмұнайгаз жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. 
Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің осы жылдың 15 тамыздағы шешімімен Б.Иманбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Айта кету керек,  Бақыт Алтайұлы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін қоса атқарады. 
Өмірдерек 
Бақыт Иманбаев Қазақ политехникалық университетін, Ақтау мемлекеттік университетін, Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Маңғыстау мұнай барлау» кешенді экспедициясының бұрғышысы болып бастады. «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінде мұнай және газ өндіру операторы, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-да мұнай және газ өндіру операторы, шебері, технологы, цех бастығы, диспетчерлік қызметтің басшысы, өндірістік басқарманың басшысы болып жұмыс істеді.  Одан кейін «Жалғызтөбемұнай» ЖШС бас директорының орынбасары, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС техникалық директоры, «ҚазМұнайТеніз» ТМК АҚ филиалының директоры, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.  

  


«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып еңбек еткен Бекзат Абайылданов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Компанияның Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Компанияның Басқарма төрағасы (бас директоры) лауазымынан босатылды. Осы жылдың 16 тамызынан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы (бас директоры) қызметіне Жәнібек Қайырбекұлы Нұғманов тағайындалды. Ж.Нұғмановты «Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Б.Иманбаев ұжымға таныстырып, Б.Абайылдановқа атқарған жұмысы мен Компанияның дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін алғысын білдірді. 
Өмірдерек 
Жәнібек Нұғманов бұл қызметке дейін «ҚазМұнайГаз» ӨБТ ҒЗИ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 
Жәнібек Қайырбекұлы Ақтау университетін «тау-кен инженер мұнайшысы» мамандығы бойынша, Еуразия ұлттық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы болып бастап, осы кәсіпорында мұнай-газ басқармасы директорының орынбасарына дейін өсті. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ, «Каспий Инжиниринг» ЖШС, «АТК фирмасы» ЖШС-де жауапты, басшылық буындарда қызмет атқарған. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх