Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу туралы ұсыныс жасалды

Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу туралы ұсыныс жасалды
13.08.2018
47
Жаңалықтар

Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу туралы ұсыныс жасалды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі Қазақстан қор биржасында өзінің орналастырылған барлық артықшылықты акцияларын қайта сатып алу жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Компания 2018 жылғы тамыздың 13-і күні айналымдағы өзінің барлық артықшылықты акцияларын қайта сатып алу ұсынысын жариялады. Ұсыныс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компанияның артықшылықты акцияларын иемденетін акционерлерінің мүдделері үшін жасалып отыр. Бұл ретте акционерлердің құқықтары бұзылмайды. Компанияның ұсынысын қабылдап, акциясын қайта сату – бұл акционердің құқығы, жеке қалауы. Құнды қағаз иелері шешім қабылдамас бұрын барлық факторлар мен тәуекелдерді ескеріп, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен толық танысып шығуы тиіс.  
Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас компания – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қосылып жатыр. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы екі деңгейлі басқару жүйесіне өтуде. Алдағы уақытта «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ дербес заңды тұлға ретінде қызметін тоқтатып, ұйымды тарату бойынша бірқатар шараларды іске асыруы ықтимал. Соның ішінде Қазақстан қор биржасынан Компанияның артықшылықты акцияларының делистингі жоспарланып отыр. Делистинг нәтижесінде акционерлер өз акцияларын нарық бағасымен Қазақстан қор биржасы арқылы сата алмайтын болады. Сондықтан артықшылықты акциялардың ұстаушыларына жарияланып отырған ұсынысты қабылдап, құнды қағаздарын сату ұсынылады. Ұсыныс мерзімі – үш ай.  
Артықшылықты акцияларды сатып алу Қазақстан қор биржасында ашық сауда-саттық тәсілімен жүргізіледі. Акционерлер акцияларын сатуға келіскен жағдайда, брокермен келісімшарт жасалуы тиіс. 
Ал жеке тұлғалар болып табылатын акционерлер өз артықшылықты акцияларын «Қазпошта» АҚ арқылы сататын болса, акционердің ыңғайлығы үшін Брокер мен Трансфер-агент қызметтерінің шығындарын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өтейді. Атап айтқанда, акцияларды Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен номиналды ұстауға аудару, акцияларды басқа Брокерден номиналды ұстауға аудару, брокерлік қызмет көрсету, бұйрықтарды беру бойынша трансфер-агенттік қызметтердің шығындары, төлем қабылдау үшін комиссия. Құнды қағаздарды сату үшін қажетті құжаттарды жинақтау, рәсімдеу бірталай уақыт алатынын ұмытпаған жөн. 
Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу шарттарына немесе рәсімдеріне қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша 1499 нөмері арқылы Қазпоштаның бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін. 
 

Біз үшін ең тиімді бағдарлама
Қазіргі уақытта ҚМГ БӨ біздің түпкі компаниямыз ҚМГ ҰК-пен  интеграция процесінен өтіп жатқандығын бәріңіз жақсы білесіздер. Бұл ҚМГ БӨ-нің активтері националицазияланатын болатынын білдіреді. Мұндай шешім ҚМГ ҰК-тің өндіру және мұнайсервистік активтерді басқарудың екідеңгейлі жүйесіне көшуімен байланысты болып отыр.  Сіздер білетіндей, БӨ қазірдің өзінде Лондон және Қазақстан қор биржаларынан өзінің жаһандық депозитарлық қолхаттары мен қарапайым акцияларын сатып алды. Енді ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ өндірістік активтерін тікелей өзі басқаратын және ҚМГ БӨ жеке АҚ ретінде өзінің жұмысын тоқтататын болғандықтан тиісінше артықшылықты акцияларды да сатып алу туралы шешім қабылдады. Өткен жылы дәл осындай процесті «ҚМГ – Өңдеу және маркетинг» АҚ компаниясы басынан өткерді, алдағы уақытта  «ҚазТрансГаз» АҚ қосылуы күтілуде және осылай жалғаса береді.
Осыған орай ҚМГ БӨ еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Артықшылықты акциялар ұстаушыларында өз акцияларын сату мүмкіндігі пайда болды. Компания аталған бағдарлама барлық артықшылықты акцияларды ұстаушыларының мүддесін қамтамасыз етеді және компанияның одан әрі белгіленген жоспарларына байланысты өз акцияларын сату мүмкіндігін ұсынып отырмыз деп есептейді.
Бағдарламаға қатысу үшін Сізге өз брокеріңізге жүгіну керек. Егер Сіздің брокеріңіз болмаса, онда «Қазпошта» АҚ бөлімшесі (трансфер-агент және брокер ретінде) арқылы акция сатуға өтініш бергеніңіз бәрінен де жеңілірек болады. Барлық егжей-тегжейлі ақпарат БӨ сайты мен газеттің осы шығарылымда орналастырылған.

Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ, 
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма 
төрағасы  

 

Қайта сатудың қайтарымы көп
Үстіміздегі жылдың 13 тамызында ҚМГ БӨ еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасының басталғанын ресми түрде хабарлады. Бағдарламаның басты мақсаты – артықшылықты акциялардың ұстаушыларына ҚМГ БӨ-нің одан әрі белгіленген жоспарларына орай өз акцияларын сатуға мүмкіндігін ұсыну. 
Сіздерге белгілі болғандай, ҚМГ ҰК қазіргі уақытта жаңа операциялық модельге көшу жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. Енді ҚМГ ҰК барлық еншілес және тәуелді ұйымдарды тікелей басқаратын болады. Бұл стратегиялық шешім және ҚМГ құрамындағы көптеген ірі еншілес компанияларға тікелей байланысты. Мысалы, өткен жылы бұл процестен «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ өтті, болашақта «ҚазТрансГаз» АҚ қосылуы күтілуде және осылай жалғаса береді. Енді БӨ-нің мұнай өндіру және мұнайсервистік еншілес ұйымдарын тікелей ұлттық компания бақылайтын болады. Бірден айта кетейін, Жаңаөзен қаласында орналасқан Өзенмұнайгаз құрамындағы компаниялардың операциялық қызметіне бұл ешқандай әсер етпейді. 
Мен – ҚМГ БӨ-нің артықшылықты  акцияларын ұстаушысымын  және ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасы шеңберінде өз акцияларымды сатамын деп ерікті түрде шешім қабылдадым. Дәл қазір айта кетер жәйт, артықшылықты  акцияларды ұстаушылардың негізгі үлес салмағы ӨМГ мен ЕМГ қазіргі және бұрынғы қызметкерлері болғандықтан ҚМГ БӨ өз акционерлерінің мүддесін есепке ала отырып, сондықтан да оларға осындай мүмкіндікті ұсынып отыр.     
Егер акционерлер аталмыш бағдарламаға қатыспаған жағдайда не болатынын да айта кеткім келеді. Түпкі нәтижеде биржадан кеткеннен кейін акциялар биржада өз айналымын тоқтатады және біз ең алдымен акцияларды ұсынылған бағамен сата алмай қаламыз. 

Мақсат ИБАҒАРОВ, 
 «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының 
транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх