Жаңа кешен көкжиегі қуантады

Жаңа кешен көкжиегі қуантады
14.08.2018
44
Өндіріс

Жаңа кешен көкжиегі қуантады

«Өзен-энергомұнай» басқармасына қарасты №8 өндірістік-технологиялық учаскеде 54 орындық әкімшілік-тұрмыстық кешен ашылды. Салтанатты жиынға бас директор Бекзат Абайылданов, ардагер-энергетик Әбіш Боранбаев, кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Энергетиктердің Өзен кенорнының дамуына қомақты үлес қосып жүргенін біз жақсы білеміз. Сіздер аптап-ыстыққа, боран-суыққа қарамай өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен алғы саптан көрініп келесіздер. Басшылық үшін Сіздердің көңілдеріңіздің тоқ болып, жұмысқа деген ынталарыңыздың жоғары болуы маңызды. Бүгінгі заман талабына сай салынған нысандарыңыз құтты болсын! Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар!» – деді бас директор.
Нысанды салған мердігер компания «МАКС-КМ» ЖШС директоры Мұрат Нұрбайқосов нысанның символикалық кілтін ӨЭМБ директоры Болатбек Рахметовке салтанатты түрде табыстады. Нысанның лентасын қос зейнеткер Оңдаған Еділов пен Әбіш Боранбаев қиды.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх