Цех алдында тұрған міндет көп

Цех алдында тұрған міндет көп
14.08.2018
75
Өндіріс

Цех алдында тұрған міндет көп

Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы – өндірістегі ұңғылар мен нысандарды физикалық және химиялық бағытта дамытып, көрсететін іргелі ұжымның бірі. ҒЗӨЖБ 2018 жылғы зерттеу бойынша өндірістік жоспарға сәйкес 446 869 зерттеу жұмысын жүргізуді көздеп отыр. Өндірісіміздің күннен-күнге үлкеюіне байланысты зерттеу жұмыстары да жыл сайын көбейіп келеді. Ол өз алдына, ҒЗӨЖБ ұлғаюына септігін тигізеді деп күтілуде. Қазіргі таңда бір ауысым бойынша 6 инженерлік қызметкер, 19 зертханашы, 15 зерттеу операторы табанды еңбек етіп келеді. 

Біздің Қаражанбас мекемесінде ҒЗӨЖБ-сы екі зерттеу бөлімі: химиялық зертхана бөлімі және гидродинамикалық зерттеу бөлімі маңызды жұмыстар атқаруда. Химиялық зерттеу бөлімі аты айтып тұрғандай, өндірістегі барлық сұйықтық және газ құрамын зерттейді. Сонымен қоса, өндірістің ең басты мақсаты – өндірілген тауарлық мұнайды ГОСТ бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өткізуге атсалысады. 
Гидродинамикалық зерттеу бөлімі ол ұңғының және жер қабатының физикалық мәліметін яғни, қысымын, температурасын, сұйықтық деңгейін, өнім бергіштігін, сүзгіш-сыйымдылық қасиеттерін анықтайтын бөлім. Осы жылы Геология және игеру департаментінің көмегімен жаңа күрделі гидродинамикалық зерттеу жұмыстарын талдайтын КАППА бағдарламасы сатып алынды. Қазіргі таңда күрделі гидродинамикалық зерттеу жұмыстарын бастап кеттік. Бағдарлама өте қымбат және өте күрделі болып табылады. Әлемдегі алдыңғы қатарлы мұнай өндіру мекемелері қолданатын бұл бағдарламаны үйрену үшін Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы осы компания мамандарынан 2 аға инженеріміз оқып келді. Тиімділігі бойынша бұрынғы кезде ұңғыдан келген мәліметтерді ұзақ уақыт тек 20% талдасақ, қазіргі таңда келген керек мәліметті бір күнде 100% талдап, әртүрлі сараптамалық, сандық 2D және 3D модельдер жасауға, жер қабатының алдағы уақыттағы өнім бергіштігіне ұзақ жылдық болжам жасауға болады. Жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстары болғасын жұмыс өте қызық болып табылады. Бұл жерде тек ұңғы емес, бүкіл жер асты қабатының жағдайын және сол ортада жүріп жатқан әртүрлі процестерді талдаймыз. Жалпы ҒЗӨЖБ өте қиын, күрделі және көп ізденісті талап ететін басқарма, бір мақала көлемінде айтып жеткізу мүмкін емес. 


Қазіргі таңда жұмысқа жаңа кірген жас мамандар осында келіп көп мәлімет алып жатыр. Мұнай саласын жақсы меңгергісі келетін жас мамандар осы ҒЗӨЖБ-тан бастау керек деп ойлаймын. Себебі жер астындағы жабдық түрлерін, атқаратын қызметін, жер қабатының құрылысы мен қасиетін және сол ортада жүріп жатқан әртүрлі процестердің барлығын түсініп білу деген жас мамандар үшін үлкен мағлұмат болып табылады. Сондықтан ҒЗӨЖБ бар жұмысын түсіну үшін, осы жерде еңбек етіп, әрбір зерттеу жұмысына қатысу керек деп санаймыз. 

Шапағат Әмин, 
Руслан Ақмұқанов,
«Қаражанбасмұнай» АҚ Ғылыми-зерттеу 
және өндірістік жұмыстар цехының қос ауысым бойынша басшылары
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх