«Үздік маман» байқауы кәсіби шеберлерді анықтайды

«Үздік маман» байқауы кәсіби шеберлерді анықтайды
22.06.2018
77
Өндіріс

«Үздік маман» байқауы кәсіби шеберлерді анықтайды

Қаражанбас кен орнында 28 сәуір мен 20 мамыр аралығында компания жұмысшыларының қатысуымен «Үздік маман-2018» кәсіби шеберлік байқауының бірінші кезеңі аяқталды.  


«Қаражанбасмұнай» АҚ №1, №2 МӨЦ, МДАЦ, ҚҚҰЦ, БӨЦ, ЭЦ, ӨАЦ, ҒЗӨЖЦ, ЖПжИЖЦ, ГЦ, ҚЖЦ, ЖСҚЦ, МТЖБ цехтарынан барлығы 304 жұмысшысы бақ сынаған кәсіби сайыс екі кезең бойынша өтіп, мамандықты кәсіби деңгейде меңгерген үздіктерді анықтауға мүмкіндік берді.


Биыл оныншы жыл қатарынан өтіп отырған сайыстың өзіндік маңызы зор. Алғашқы кезеңде қатысушылар тест тапсырып, екінші айналымда практикалық сынақтан өту олардың өз мамандығын қаншалықты жетік меңгергендігін көрсетті. «Үздік маман» сайысына жыл сайын қатысуға ниеттілердің қатары артып келе жатқаны байқалады. Жұмысшылардың жан-жақты дайындығы олардың қаншалықты білікті екендігін көрсетіп отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх