KIOGE 2018 көрмесі мен конференциясында мұнай-газ саласының ең өзекті мәселелері талқыланады

KIOGE 2018 көрмесі мен конференциясында мұнай-газ саласының ең өзекті мәселелері талқыланады
12.06.2018
118
Экономика

KIOGE 2018 көрмесі мен конференциясында мұнай-газ саласының ең өзекті мәселелері талқыланады

2018 жылдың 26-28 қыркүйегі аралығында мұнай-газ саласының ең маңызды салалық оқиғаларының бірі «Мұнай және газ - KIOGE 2018» көрмесі мен конференциясы өтеді, оған Қазақстан, ТМД елдері және алыс шетелдің ірі салалық ойыншылары қатысады.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін айқындау және талқылау, «ақылды» технологияларды енгізу, мұнай өндіру үдерістерін цифрландыру.

Көрменің қарсаңында, Астанада 2018 жылдың наурыз айының басында жылдың басты оқиғасы «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешендер ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ «және «ITECA» қазақстандық көрме компаниясының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Екі негізгі мұнай-газ іс шаралары: KAZENERGY форумы мен KIOGE Қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясының ұйымдастырушылары іс-шараны екі жылда бір рет өткізу туралы шешім қабылдағанын еске саламыз.

2017 жылы экспозицияға Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, БАӘ, Үндістан, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Корея, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекістан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Жапония секілді әлемнің 20 мемлекетінен 310 компания қатысқан.

Конференция жұмысына өткен жылы 593 делегат пен 28 спикер қатысты, өткен жылғы тәжірибеге сүйене отырып, ұйымдастырушылар ағымдағы жылы қатысушылардың саны айтарлықтай өсетінін жоспарлап отыр.

KIOGE көрмесінде жетекші өндіруші, мұнай-газ компаниялары, мұнай сервистік компаниялары және саланың жеткізушілерінен мұнай-газ өндіруші компанияларға арналған ең соңғы технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық қамтамасыз әзірлемелер ұсынылады. Сонымен қатар, экспозиция шеңберінде іскерлік кездесулер, тұсаукесерлер, компаниялар мен мемлекеттік органдар арасындағы келіссөздер өтеді.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «KazService»  Қазақстанның сервистік компаниялар одағы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өтеді. 

KIOGE 2018 ресми түрде «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешендер ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ қолдады.

KIOGE 2018 Алтын Серіктестері - «Теңізшевройл» ЖШС, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) компаниялары, NCOC, Dow Chemical, Қола Серіктес - Fluor Kazakhstan Inc.

KIOGE 2018 ұйымдастырушылары - Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания).

KIOGE - инновациялық технологиялар мен мұнай-газ саласын дамытудың негізгі үрдістерін таныстырудың беделді алаңы. Маңызды салалық іс-шаралардың бірі ретінде ол өзекті экономикалық идеяларды дамытуға және мұнай-газ саласы үшін нақты шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх