Аламан бәйге Өзенде өтті

Аламан бәйге Өзенде өтті
18.05.2018
123
Әлеумет

Аламан бәйге Өзенде өтті

«Өзенмұнайгаз» АҚ 9-мамыр мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойыны бәйге ұйымдастырды. 


Бәйгеде тай жарысы (6 шақырым), Ошақ бәйге (15 шақырым), Құнан жарысы (9 шақырым), Аламан бәйге өткізілді. Бәйгеге облысымыздың түкпір-түкпірінен келген шабандоздар белгіленген жерге алғашқы болып жету үшін барлық күш-жігерін салды. Шара ұйымдастырушыларының бірі Орынбасар Құлбеков бәйге шабандоздардың шеберлігінің ғана сынағы емес, сәйгүліктердің шыдамдылығы сынға алынатын жарыс екендігін айтады. 
«Шабандоз қатарласып келе жатқан атқа қамшы сілтеуге, қамшысын үйіріп жасқауға, айқайлауға, эмоцияға беріліп ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге болмайды. Күтпеген жағдайға қарай бейімделіп, тез шешім қабылдап, атының күшін тиімді пайдаланған шабандоздың бағы жанбақ»-дейді ол.
Шара соңында, жеңімпаздарға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табысталды.  


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх