Ембі мұнайшылары Зырян тұрғындарына көмек көрсетті

Ембі мұнайшылары Зырян тұрғындарына  көмек көрсетті
18.05.2018
115
Әлеумет

Ембі мұнайшылары Зырян тұрғындарына көмек көрсетті

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетіп, 2018 жылғы 15 мамырда «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков Компания ұжымы атынан Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының 7 отбасына тұрғын үйлер кілттерін табыс етті.  


Баспаналарды ШҚО Зырян ауданының тұрғындарына тапсыру салтанатына «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, ЕМГ Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Б.Қ.Балжанов, ЕМГ әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры С.Ж.Нақпаев және ШҚО Зырян ауданының әкімі Н.Т.Тоқсейітов қатысты. 


– Ембілік мұнайшылар еңбекқорлығымен, азаматтық жауапкершілігімен ерекшеленіп қана қоймай, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Сондықтан, ағымдағы жылдың наурыз айында Атырау облыстық әкімдігінен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына көмек көрсету туралы хат келіп түскенде, мұнайшылар бірауыздан жалақыларынан қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдады. Ембілік мұнайшылар жинаған қаражатқа зардап шеккен 7 отбасы қала маңындағы поселкелерден аудан орталығы – Зырянға жылы, жайлы пәтерлер мен үйлерге көшті, – деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық әкімдігінде тұрғын үйлерді тапсыру салтанатында.  
Зардап шеккен қазақстандықтарға қол ұшын созу мақсатында мұнайшылардың ерікті түрде жинаған қаражат көлемі 12 миллионға жуық теңгені құрады. «Наш город – Зыряновск» қайырымдылық қорына аударылған бұл қаражатқа үйлері суға кетіп, жарамсыз деп танылған Малеевск, Зубовск және Зырян қаласы маңының тұрғындарына 4 пәтер мен 3 үй алынды. Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында ЕМГ басшылығы баспана иелеріне жұмысшылар атынан теледидар сыйға тартты.


ЕМГ-нің еңбек ұжымы табиғи апаттан зардап шеккен жандарға бұған дейін де көмек көрсеткен болатын. 2015–2016 жылдары Компания қызметкерлері көктемгі жауын-шашын  салдарынан үйлері жарамсыз болып қалған Атырау қаласы мен қала маңындағы тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Көмекке зәру отбасылар тізімін Атырау облыстық әкімдігі ұсынды. Ембіліктер 2015 жылы жинаған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балалары бар 4 отбасының үйлері күрделі жөндеуден өтіп, бір жалғызбасты зейнеткерге жаңадан үй салынып берілді. Ал, отбасындағы төрт баланың екеуі ауыр науқасқа шалдыққан Атырау қаласының тұрғынына 2016 жылы бір үй салынып берілді. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 696 млрд. теңгеге жуық, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,8 млрд. теңге, демеушілік пен қайырымдылыққа 2,3 млрд. теңге қаражат бөлді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар аясында бөлінген қаржыға «Ембімұнайгаздың» өндірістік бөлімшелері орналасқан аудандардағы әлеуметтік нысандар: балабақшалар, мәдениет үйлері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне арналған баспана құрылыстары және т.б. салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх