Форум. KGF Oil&Gas 2018

Форум. KGF Oil&Gas 2018
18.05.2018
101
Жаңалықтар

Форум. KGF Oil&Gas 2018

Мамырдың 17-і күні Астанада «Kazakhstan Geology Forum, Oil&Gas, 2018» мұнай және газды барлау жөніндегі II халықаралық форум басталды. Шараны өткізу жұмыстарын Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамы ұйымдастырды және «Kazenergy» қауымдастығы атсалысты. Форумға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті қолдау білдірді. Форумға Қазақстан Республикасының салалық министрліктері мен ведомстволарының, ірі мұнай газ кәсіпорындарының басшылары, сарапшылар қатысты. 
Форумның ашылу салтанатында ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.Надырбаев қатысушыларға құттықтау лебізін білдірді. Бұдан әрі форум жұмысы «Геологиялық барлау ел экономикасын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі» тақырыбындағы пленарлық мәжіліспен жалғасты. Оған Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Б.Қуандықов модератор болды. «Kazenergy» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұ.Қарабалин «Әлемдік энергетикалық тепе-теңдікте көмірсутегі ресурстарының келешегі: тегеуріндер мен үрдістер», ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары М.Досмұхамбетов «Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының жағдайы», «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Құрманғазы Есқазиев «Терең горизонттарды зерттеу. Геологиялық барлаудың – жаңа заманы», IHS Market компаниясының вице-президенті Боб Фрикланд «Мұнайлыгазды бассейндерді зерттеу тәсіліне қайта мән беру» тақырыптарында баяндамалар жасады. 
«Kazakhstan Geology Forum, Oil&Gas, 2018» форумы Қазақстанның мұнай геологиялық барлауын дамытудағы басты басымдылықтар, ҚР геологиялық барлауға инвестиция тарту  мақсатында заңдық базаны жетілдіру, скважиналарды геофизикалық, кәсіпшілік зерттеу, алқаптық геофизикалық жұмыстар, отандық геологиялық барлау ғылымы және тәжірибе, цифрлы геология, «ақылды кенорындар», мамандарды дайындау және басқа да негізгі тақырыптарды қамтыды. 
Форум мамырдың 18-і күні де жалғасты. KGF Oil&Gas форумының мақсаты – инновациялық технологияларды зерттеу және енгізу арқылы Қазақстандағы мұнайлы геологияның дамуына белсенді көмектесу. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх