«МЕН – ЕМБІЛІКПІН» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды

«МЕН – ЕМБІЛІКПІН» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды
10.05.2018
70
Қызметкерлер

«МЕН – ЕМБІЛІКПІН» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі осы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Компанияға қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен басқару аппараты жұмысшылары арасында «МЕН – ЕМБІЛІКПІН» ұжымдық шығармашылық байқауын жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты – Компаниямыздың жұмысшылары арасынан шығармашылыққа жақын адамдарды анықтау, жұмыс күндері туралы қызықты әңгімелерді тыңдау, әр ұжымның ішкі жағдайын сезіну, өндіріс үдерістерін, қауіпсіздік техникасы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен жаңа идеяларды тыңдау. 
Компанияға қарасты басқармалардың, Басқару аппаратының кез келген жұмысшысына байқауға қатысуға мүмкіндік беріліп, ұсынылған шығармашылық жұмыстар әртүрлі жанрда – мақала, эссе, репортаж, фоторепортаж, сурет, бейнеролик түрінде қабылданды. Нәтижесінде, байқауға 23 еңбек келіп түсті. «Ембімұнайгаз» АҚ қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.  
Айта кететін жайт, байқау 4 номинация – «Ұжымым – менің мақтанышым», «Менің әріптесім – тамаша жан», «Мен таңдаған кәсіп» және «Ембідегі жаңа технологиялар» бойынша жарияланған болатын. Соңғы аталым бойынша түскен екі шығармашылық еңбекте тақырып толық ашылмағандықтан, бұл номинацияның жүлделі орындары анықталмады. Ал, «Мен таңдаған кәсіп» номинациясына материалдардың көп түсуіне байланысты жүлделі 3 орыннан бөлек ынталандыру сыйлықтары бөлінді. Сонымен қатар, байқауға белсенділікпен қатысқан «Қайнармұнайгаз» (7 еңбек) және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымдарын (6 еңбек) Алғыс хатпен марапаттау ұйғарылды. 
І номинация – «Ұжымым – менің мақтанышым» бойынша: «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу цехының ұжымы; «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай МГӨС қабат қысымын ұстау бөлімшесінің механигі Асылан Жолаев;  «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесінің шебері Нұркен Жамалов; ІІ номинация - «Менің әріптесім – тамаша жан» бойынша: «Ембімұнайгаз» АҚ Жаңа техника және технология департаментінің директоры Рауан Сабиров; «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Терең-өзек мұнай өндіру цехының қабат қысымын қолдау операторы Гүлбағыт Испанғалиева. ІІІ номинация – «Мен таңдаған кәсіп» бойынша: «Доссормұнайгаз» МГӨБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі 2-категориялы маман Жанат Арыстанова; «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өткізу департаменті директорының орынбасары Елена Маврешко; «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, студент-стажер Тұрсынгүл Жантілеуова жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің еңбек жөніндегі 1-категориялы экономисі Нұрсұлтан Елеусінов; «Ембімұнайгаз» АҚ күрделі құрылыс департаменті ынталандыру дипломын иеленді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх