«Ембімұнайгаз» Басшысы өндірістік нысандарда болды

«Ембімұнайгаз» Басшысы өндірістік нысандарда болды
10.05.2018
79
Өндіріс

«Ембімұнайгаз» Басшысы өндірістік нысандарда болды

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармаларында болып, өндірістік нысандарды аралады. Алдымен ол Құлсары қаласындағы жабдықтарды жөндеу және жалға беру цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, мұнай мен газды өндіру, ұңғымаларды жерасты жөндеу, зерттеу жұмыстары  цехтарының, арнаулы техника мен автокөлік колоннасының, жылу, газ, сумен жабдықтау учаскесінің және материалдық-техникалық қамту қоймасының жұмыстары да назардан тыс қалмады.  Ақінген кен орнындағы нысандарды аралаған соң, Басқарма төрағасы «Қарашүңгіл Ата» мемориалдық кешенінде болып, Компания және бүкіл қазақстандық мұнай саласы үшін үлкен маңызы бар мұраны сақтап қалу мақсатында ескерткішті қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұдан кейін жұмыс сапары Аққұдық, Қисымбай, Ж.Досмұхамбетов, Ақтөбе, Нұржанов және Батыс Прорва кен алаңдарында жалғасты. ЕМГ басшысы әр өндірістік нысанда цех жұмысшыларымен кездесті. Мұнайшылармен еркін әңгімелесу кезінде өндірістік және әлеуметтік бағыттағы мәселелер көтерілді. Прорва кен алаңдары тобындағы ілеспе газды дайындау қондырғысы нысанының, өндірістік қызмет көрсету базасының, арнаулы техника мен автокөлік колоннасының, өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарын тексерумен жалғасты. Бұдан соң Ә.Жақсыбеков «Каспий самалы» вахталық поселкесінің жағдайымен танысып, демалыс бөлмелерін, асхана, мұражай және дәрігерлік кабинетті аралады.  
«Қайнармұнайгаз» сапары орталық мұнай жинау паркінің, автокөліктер мен жатақханалар үшін арка ғимаратының жұмысымен танысумен басталды. Кейін Кенбай кен орнындағы Солтүстік Қотыртас учаскесінде ІІ су көтергіш сорапты қайта жасақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, май қазандары мен 100 орынды жаңа модульдік жатақхананың жағдайымен танысты. Бұдан соң Шығыс Молдабек учаскесіндегі әкімшілік ғимараттың, алдын-ала су жіберетін қондырғылардың бұрандалы сораптарының жаңа сынақ стендтері мен суды жинау және қабат қысымын сақтап тұратын резервуардың, жинау орнының, суды бөлу пунктінің жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар, ұңғымаларды жерасты жөндеу агрегаты станогының жұмысымен танысып, негізгі құралдарды және металл сынықтарын уақытша сақтауға арналған стеллаждар тексерілді. 
«Доссормұнайгазда» Солтүстік Жолдыбай кен орны, Шығыс Мақат мұнай дайындау және айдау цехының, газды дайындау учаскесінің, өндірісшілік жолдар жағдайларының жұмысы тексерілді. Қарсақ кен алаңындағы жаңа жинау орындарында, мұнай дайындау пункттерінде болып, сағаалды алаңдарын, көлденең резервуарды және өрт сөндіру жүйесін қарап, Ботахан кен алаңындағы мұнай мен газды дайындау цехының әкімшілік ғимараты және жинау пунктінде де болды. Басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков сапар барысында еңбек ұжымдарымен жұмыс орындарында кездесіп, келешектегі өндірістік жоспарлар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін талқыға салды.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх