«Тұрғын-үй» комитеті делегаттарының алғашқы форумы өтті

«Тұрғын-үй» комитеті делегаттарының алғашқы форумы өтті
10.05.2018
78
Әлеумет

«Тұрғын-үй» комитеті делегаттарының алғашқы форумы өтті

Ембіде инфрақұрылымдық нысан­дар­дың қызмет көрсету деңгейін жақса­рту бағытында «Тұрғын-үй комитеті» құрылған болатын. Жуырда оның алғашқы жиыны болып өтті. Оған Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінен делегаттар – әр мұнайгаз өндіру басқармаларындағы жатақханаларда тұратын 50-ден астам жұмысшылар, кәсіподақ белсенділері, әлеуметтік саясат бөлімі мамандары қатысты.
– Бүгінгі күні Компанияның кен орында­рында жұмысшы жатақханаларын жақсартуға және қызметкерлердің тамақтануына қолайлы жағдай жасалған. Бірақ, уақыт бір орында тұрмайтыны белгілі. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыруға қомақты қаражат бөліп, отандық мұнай-газ саласының көш басында тұрған компания ретінде алға үлкен міндеттер қойып отыр. Соның бірі – ембілік мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі айтарлықтай жақсарта түсу, – деп атап өтті әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор 
Сәлімжан Нақпаев.
Форум барысында қатысушыларға арнап Инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің директоры С.Күмісқалиев ЕМГ мұнай-газ өндіру басқармаларының әлеуметтік инфрақұрылымының жағдайы туралы талдау жұмыстарын ұсынып, мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын  жақсарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті және сервисті жақсарту бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Соның ішінде, Кенбай кен орны бойынша сервистік қызметті аутсорсинг жүйесімен бір мердігерге тапсыру пилоттық жобасының жұмысы түсіндірілді. Мұның басты тиімділігі: Компанияның негізгі операциялық қызметінен ауытқымауын қамтамасыз ету, мұнай-газ секторындағы жетекші компаниялардың тәжірибесін тарату, Компания шығындары мен ресурстарын оңтайландыру, кейбір сатып алу рәсімдер тізбегін қысқарту және шағын келісімшарттарды бір жүйеге келтіру.
Инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы Алмас Жұмалиевтің таныстырған презентациясы форумға қатысушылардың жоғары қызығушылығына ие болды. Баяндамашы Қазақстандағы тамақтандыру ұйымдары мен тамақ блогы жұмысының технологиялық рәсімдеріне қойылатын жалпыәлемдік нормалар мен талаптар жөнінде жан-жақты баяндап, мекеменің қолданыстағы тамақтандыру моделіне талдау жасап, оны жақсарту жолдарын ұсынды. Қозғалған тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға спикерлер тұщымды жауаптар берді. Алдағы уақытта тамақтандыру сапасына және қызметкерлерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге жедел мониторинг жүргізу мақсатында инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің жауапты мамандарының байланыс телефондары беріліп, үнемі байланыста болуы ұсынылды. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх