«ҚазМұнайГаз» кемелдену жолында – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдыру

«ҚазМұнайГаз» кемелдену жолында – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдыру
10.05.2018
20
Өндіріс

«ҚазМұнайГаз» кемелдену жолында – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдыру

Біз соңғы үш жылдың қорытындысын келтіре отырып, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде маңызды табыстарға қол жеткізгенімізді мойындауға болады. Дегенмен, біз өз қызметкерлеріміздің, активтердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күшімізді ұдайы жұмсауға тиіспіз. 
Өз саласының нағыз көшбасшысы болу үшін қауіпсіздік мәселесі әрқайсымыз үшін негізін қалайтын құндылықтардың бірі болуы тиіс. 
Сондықтан мен Сіздердің әрқайсыңызды шын мәнінде «ҚазМұнайГаз» әлемдік деңгейдегі компания болу үшін жұмысымызды қалай орындайтынымыз және не жасай алатынымыз туралы жаңаша ойлауға шақырамын. 
Мен егер өз адамдарымыздың, біздің мердігерлердің және біздің барлық қызметіміздің қауіпсіздігіне салыстырмалы ойлауды өзгерте алсақ, біз осы тәсілдерді компанияның барлық бизнес-процестеріне кіріктіре аламыз, себебі сол кезде өндірістік тәртіп тұрақты түрде нығаятынына берік сенемін. Мен Қауіпсіздік техникасын әр адамның жеке ісіне айналдыруға шақырамын.
Өндірістік тәртіп пен қауіпсіздік техникасы ережелері мен оларды сақтау арасында тікелей тәуелділік болады. Рәсімдерді сақтау кепілдігі, кезінде орындалмай қалған істерді, келесі іс-шараларды орындау, бір-бірімізге деген қамқорлық – мұның барлығы Қауіпсіздік техникасының әр адамның жеке ісіне айналған белгілері. Егер Сіз қауіпсіздікті өзіңіздің жеке ісіңіз ретінде қабылдамасаңыз, онда ешнәрсе жасай алмайсыз, әрине мұны түсіну керек. Қауіпсіздік техникасын жеке өзінің ісі ретінде қабылдау біздің жұмысымыздың табиғи ырғағын және қорғаныстық механизмін қалыптастырады, ал бұл біздің қауіпсіздігімізге кепілдік береді, бізді пайдалы және табысты болуға жетелейді. 
Біздің қызметіміздің өзіндік ерекшелігі қауіпті болып табылады. Біз жарақатталу мен зақымдану қатерінің көп болуы, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар болатындығын білеміз. Біз өте күрделі операциялық жүйеде жұмыс істейміз, мұнда көптеген факторлар бар, яғни қателіктерге, ережелерді толық түсінбеген немесе абайсыз бұзушылықтарға алып келетін факторлар болады. Мұның барлығы адамдар жарақат алатын негізгі себептерге байланысты. Біз осы күрделі жүйеде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласының көшбасшылары болып табыламыз. Барлығымыздың алдымызда түсініксіз рәсімдерді түсінікті рәсімдер, күрделі рәсімдерді қарапайым рәсімдер ретінде жасау міндеті тұр. Міндеттер қою, жабдықтарды жобалау, алдын ала көрегендік таныту және пайда болуы мүмкін қателерге жол бермеу, сондай-ақ қателіктерді түзету немесе жұмыс басталғанға дейін ондай қателіктерді жою. Еңбекті қорғау саласындағы Сіздің көшбасшылығыңыз өзіңізді жігерлендіреді және болып жатқан оқиғаларды шынайы түсінуге, яғни басқару жүйесіндегі кемшіліктерді табуға және түзетуге көмектеседі. Бұл қауіпсіздікті арттыруға арналған қосымша басымдылық болып табылады. 
Біздің қызметкерлеріміз, біздің мердігерлеріміз мен сала бойынша әріптестеріміз бір-біріне қамқорлық таныта алатын, егер қауіпті жүргізілген жұмыстарды байқап қалса, үндемей қалмайтын, ешкім өзіндік көзқарасын айтудан қорықпайтын, себебі оның дауысы айқын естілетін компания ретінде мойындаған кезде біздің жолымыздың дұрыс екендігі осыған дәлел бола алады.   
Ашық және шынайы жұмыс істейік, бір-бірімізді жарақатсыз бизнес-міндеттерімізге қол жеткізуге шақырайық.   
Ашық және шынайы болайық, басқа да өндірістік мақсаттарға қол жеткізу жолында бір-біріміздің пікірлерімізді ескерейік.   
«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының  барлығында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдырайық. 

Сауат Мыңбаев,
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының Басқарма төрағасы 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх