Спортшыға демеушілік көрсетті

Спортшыға демеушілік көрсетті
22.03.2016
370
Өндіріс

Спортшыға демеушілік көрсетті

«Ембімұнайгаз» АҚ мұқтаж адамдарға демеушілік көмекті биылғы жылы да жалғастыруда. Атырау облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Б.Тайжанов спортшы Ә.Сариевке Рио-де Жанейрода өтетін жарысқа демеушілік көрсету жөнінде көмек сұраған болатын. Компания басшылығы атыраулық спортшыға 2,2 млн. теңге көлемінде демеушілік беруге шешім алды. Әнуар Сариев Атырау қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. 4-ші сыныптан бастап дзюдо күресімен шұғылданып келеді. 2012 жылы жол апатына ұшырап, бір көзінен зақымалды. Денсаулығына байланысты спорттан аз уақыт қол үзуге тура келді. Кейіннен ол параолимпиадалық спортпен айналыса бастады. 2014 жылы Кореяда өткен Пара Азия ойындарында Әнуар жетінші орынды иеленсе, 2015 жылдың мауысында Оңтүстік Кореядаөткен «IBSA» атты зағиптардың әлемдік ойындарында бес бірдей қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, қола медальді ұтып алды.

– Мен бұл спорт түрімен бала кезімнен, міне, он жылға жуық уақыт айналысып келемін. Жол апатында көз жанарым ақатты зақым келіп, көру қабілетім нашарлаған. Алайда, спорттан қол үзгім келмеді. Содан кейін параолимпиада спорт түрімен айналысуға бел будым, төрт жылдан бері параолимпиада ойыншысымын. Бұл спорттың ауыр түрі дер едім, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысу тыңғылықты дайындықты талап етеді, – дейді ол. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесуі барысында Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарыР.Тасмағамбетова Ембі мұнайшылары атынан жас спортшыға Рио-де Жанейродағы сайыста сәттілік пен жеңіс тұғырынан көрінуді тіледі.

P.S. Бет қатталып жатқанда бапкерлер Жандос Қиянов пен Бимырза Тайжановтан «Рио-де Жанейрода өтіп жатқан жарыста Ә.Сариев қола медальге ие болды» деген қуанышты хабар келді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх