Қаражанбастың 50 миллионыншы тонна мұнайы

Қаражанбастың 50 миллионыншы тонна мұнайы
10.05.2018
143
Өндіріс

Қаражанбастың 50 миллионыншы тонна мұнайы

Қаражанбас кен орнында 2018 жылдың 1 мамырында 50 миллионыншы тонна мұнай өндірілді. Ұжым күткен оқиға орындалды!  

50 миллион тонна мұнай «КБМ» компаниялар тобының және оның іскер әріптестерінің 1980 жылдан бастап кен орнында мұнай өндіру жұмыстарының нәтижесі. 
Мұнай өндірісі – іркілісті көтермейтін үрдіс. Бірнеше минуттар ішінде өндірілген 50 миллионға мұнайдың кезекті тонналары қосылды. Жаңа шыңдарға апаратын жол есебі басталды. Уақыт өте келе, Қаражанбас кен орны тарихында жаңа Жеңістер жазылатын болады, және бұл жайт ешқандай күмән тудырмайды. 
Қол жеткізген табыс – сөзсіз. Тағы бір маңызды іс атқарылды, тағы бір биіктік алынды. Өткен жылдар ішінде Қаражанбас кен орнының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, кешегісі мен бүгініне куә болған, ұжымымыздың негізін қалаған азаматтармен бірге жұмыс жасағанымызды мақтан тұтамыз. Қазіргі таңда да олармен бірге қоян-қолтық қызметтес болып келе жатырмыз.
Бұл жылдар көптеген жарқын естеліктер қалдырды, оны ұмытуға болмайды. Өткен ғасырдың 80-жылдары басталған істің жалғасып келе жатқанын, дамып жатқанын және жаңа сапаға шыққанын көру біз үшін өте қуанышты. 
Барша мұнайшыларды үлкен мұнай мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жетістіктер мен өркендеу тілейміз!

«Қаражанбасмұнай» АҚ 
басшылары

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх