Ардагерлер отбасындағы кездесу

Ардагерлер отбасындағы кездесу
05.05.2018
174
Әлеумет

Ардагерлер отбасындағы кездесу

Соғыс ардагерлерін ұлығылау шарасы мерекелік жиынмен шектелмеді. «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары мен Басқарма басшылары А.Ғабдуллин, Б.Балжанов, С.Нақпаев, Н.Тажмағамбетова  соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, жеке-жеке құттықтап шықты. Бүгінде немере-шөбере сүйіп, марқайып отырған сәби көңіл қариялар бұған тіптен қуанып қалды. Олар Тайыр Ғұмаров, Сәлім Қарабаев, Николай Агеев, Сәлім Шынтеміров, Тұраш Көптілеуов, Құрманбай Досымбетұлы, Николай Славов, Күлән Сабралиева еді. Ардагерлердің қай-қайсысы да Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, көңілде тұнған сырларын ақтарысты. Бәрі де «Ел аман, заман тыныш болсын» деп бата-тілегін арнады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх