Өз кәсібінің шебері

Өз кәсібінің шебері
28.04.2018
181
Қызметкерлер

Өз кәсібінің шебері

Қашан көрсең де қолы бос болмайды. Резеңке қолғапты киіп, үлкендеу қобдишаны көтеріп жүреді. Бұл – «Өзенэнергомұнай» басқармасы Өндірістік-энергетикалық қызмет №2 релелік қорғау және автоматтық қорғау цехының электр жөндеушісі Асхат Тасқараев. Қобдиша толы тоқтың құрал-жабдықтары. Жөндейтіні – істен шыққан өндіріске қажетті құрылғылар.  
5-ші дәрежелі маман Асхатқа артылған жүк ауыр. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау – басты назарда. Оның қаупі мол электр жөндеушісі болып еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Арнаулы оқу орнын үздік тәмамдаған маман. Осы жұмысын атқара жүріп те ол үздіктер қатарынан көрініп жүр. Мұнайшылар арасында өтетін кәсіби шеберлік байқауына  қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. 
Мұнай-газ өндірісіндегі аса қажетті мамандықтың бірін меңгеріп, оны тиісті дәрежесінде атқарып жүрген Асхат Тасқараев өндірістің дамуына өз үлесін қосып келеді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх