Еңбек – табыс көзі

Еңбек – табыс көзі
28.04.2018
126
Қызметкерлер

Еңбек – табыс көзі

«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты №5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімінде жұмыс істеп жүрген Күләш Төлесінованың әкесі марқұм Екібай Төлесінов те осы басқармада АЦН жүргізушісі болып жұмыс істеген болатын...
1992 жылы аталмыш басқармаға келген Күләш бастапқыда сылақшы, содан кейін зертханашы, кейін есепші болды. 2009 жылдан бері аталмыш бөлімде инженер болып жұмыс істейді. Жұмысы өзіне қатты ұнайтын Күләш өміріне дән риза. Жұмыстастарымен бір үйдің адамдарындай тату. 
«Біздің еңбегіміз ортақ, бақытымыз – бір. Компанияның дамуы, елдің өркендеуі, жердің гүлденуі – әлемнің әміршісі – еңбектің арқасында жүзеге асады. Жеміс еңбектен ғана өнеді, қиындық еңбектен ғана шегінеді» – дейді Күләш. 
Бүгінде келін алып, қыз ұзатып отырған Күләш әріптесіміз еңбек табыс көзі екендігін айтады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх