Бірлігі жарасқан бригада

Бірлігі жарасқан бригада
28.04.2018
108
Қызметкерлер

Бірлігі жарасқан бригада

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, № 1 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты № 7 Скважиналарды жерасты жөндеу бригадасы қажырлы еңбектерімен өндірістің дамуына өз үлестерін қосып жүр. Бригада шебері Сансызбай Байдекешов әріптестерінің жұмысты ынтымақ-бірлікте жауапкершілікпен атқарып келе жатқандықтарын айтады. «Бригада ұжымы өте тату. Ұрыс жоқ жерде, тыныштық пен береке бар. Ұжымдағы әркім өз міндетін, өз ісін мұқият атқарып жатады. Саусақ сыртқа емес, ішке қарай бүгіледі ғой. Жұмысты өзара бәтуаға, ымыраға келіп, түсінісіп жасағанға не жетсін!» – дейді бригада шебері.
Аталмыш бригада құрамында Қадырғали Жұмабаев, Серік Төлеев, Қуаныш Шақанов, Бекташ Балымбетов, Нұрлан Тұрсынов, Қуаныш Жайлыбаев, Қайрат Нәренов сияқты адал, абыройлы еңбек етіп жүрген мамандар жетерлік.
Қазақта «Тәңір әр құсқа құрт береді, бірақ оны ұясына салмайды» деген мәтел бар.Расында да табыс пен молшылықтың тек еңбектенген адамға келетіні дәлелдеуді қажет етпейді.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх