Жаңа кешендер пайдалануға берілді

Жаңа кешендер пайдалануға берілді
05.04.2018
95
Өндіріс

Жаңа кешендер пайдалануға берілді

«Өзенмұнайгаз» АҚ , №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында 350 орындық Әкімшілік-тұрмыстық кешен пайдалануға берілді.
Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов, «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысты. 


«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл сайын мұнайшылар игілігі үшін өндірістік және әлеуметтік нысандарды салып, пайдалануға беріп келеді. 2009 жылдан бері мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағдарламасы аясында көптеген тұрмыстық-шаруашылық кешендер, асханалар, модулдік операторлық ғимараттар іске қосылды. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады», – деді Б.Абайылданов.


Рәсімде мердігер ұйым «Фирма Лан» ЖШС директоры Саламат Юнусов №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының директоры Наурыз Рахметовке нысанның символикалық кілтін табыстады. Ал, ғимараттың лентасын «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов және №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының ардагер-мұнайшысы Оңдаған Алтанов қиды.

* * *

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №5 Шоғырланған сораптар станциясында жаңа тұрмыстық-шаруашылық кешен ашылып, мұнайшылар игілігіне берілді. Басқарма директоры Бекболат Нұрлыбаев пен Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Әділ Сүйебай әріптестерін құттықтады. «Бүгінгі күні компания жұмыскерлерінің әлеуметтік жағдайы адам танымастай өзгерді. Заманауи үлгіде салынған нысандарыңыз құтты болсын! Еңбек адамына қолайлы жағдай тудыру-біздің тікелей міндетіміз екендігін жақсы түсінеміз. Бүгінгі күні басқарма бойынша тұрмыстық-шаруашылық кешен 100 пайызға жаңаланды. Бұл – үлкен көрсеткіш. Жаңа нысанды күтіп ұстайды деп сенім білдіремін» – деді №1 МГӨБ директоры Бекболат Нұрлыбаев. Жаңа нысанның лентасын басқарма директоры мен №5 ШСС шебері Үсен Таңатаров қиды. Мердігер компания өкілі Мұрат Нұрбайқосов №1ҚҚСЦ бастығы Тілеуберген Нұржаубековке нысанның символикалық кілтін салтанатты түрде табыс етті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх