Мұнайшының қызы – Қазақстан аруы!

Мұнайшының қызы – Қазақстан аруы!
05.04.2018
137
Жаңалықтар

Мұнайшының қызы – Қазақстан аруы!

Биылғы наурыз айында өткен «Қазақстан аруы–2018» атағын атыраулық 16 жасар Альфия Ерсайын жеңіп алды. Ол бүгінде Атырау гуманитарлық колледжінің студенті. Әкесі Асылбек Ещжанов – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Доссормұнайгаз» МГӨБ Ботақан кен орнында ұңғымаларды жер асты жөндеу бригадасының операторы. Асылбек Ещжановтың мұнай саласындағы еңбек өтілі 25 жыл. Анасы – үй шаруасында. Альфия отбасындағы үш баланың кенжесі, алдында бір апасы мен ағасы бар. Атыраулық студент қыздың Қазақстан аруы атануы бүкіл Атырау халқы, соның ішінде ембілік мұнайшылар қауымы үшін де үлкен қуаныш. Құттықтаймыз! 
Газетіміздің оқырмандарына түсінікті болу үшін айта кетелік, «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанадағы финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Байқау барысында қазылар алқасы финалға шығатын тек 5 аруды іріктеді. Олардың арасында Динара Баймұратова (Семей,17 жаста), Сабина Әзімбаева (Алматы, 18 жаста), Маймуна Күлкешева (Астана, 19 жаста), Альфия Ерсайын (Атырау, 16 жаста), Екатерина Дворецкая (Карағанды, 19 жаста) бар. Бұдан кейін еліміздің бірінші аруын дәстүрлі түрде Қазақстан халқы тікелей эфир арқылы өткізілетін онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Нәтижесінде, басым дауыс жинаған бойжеткен «Қазақстан аруы-2018» байқауының жеңімпазы атанды. «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы ақшалай жүлде алады, люкс брендтерімен көптеген жарнама келісімшарттар жасайды және «Әлем аруы 2018» сияқты беделді байқауда Қазақстан Республикасының намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх