«Ұлттық киімдер» сайысы өтті

«Ұлттық киімдер» сайысы өтті
20.03.2018
95
Қызметкерлер

«Ұлттық киімдер» сайысы өтті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында жылдағыдай «Ұлттық киімдер» сайысы өткізілді. Келісті киім – өзенмұнайгаздық жігіттер мен қыз-келіншектерге өң беріп, көңілін көтеріңкі  етіп, өзгелерге жағымды әсер қалдырды. Қызылды-жасылды киінген қыз-келіншектер далада жайқалған қызғалдақтар мен сарғалдақтарды елестетеді-ақ. 
Сайыс нәтижесінде, бас жүлдеге Гүлзия Тайжанова (Әлеуметтік-әкімшілік департаменті), І орынға Эльвира Қожахметова (Маркшейдерлік және топографо-геодезиялық жұмыстар қызметі), ІІ орындарға Бақтыгүл Багаева (игеру департаменті) мен Аманбибі Бегалиева (қауіпсіздік қызметі), ІІІ орынға Гүлмира Нұрлан (корпоративтік оқу орталығы) ие болды.
Сондай-ақ, «Жігіт сұлтаны» болып Ақжігіт Түйешиев (жобаны басқару департаменті), «Кимешекті әже» болып Пердеш Джураева (Кеңсе), «Инабатты келін» болып Нұржамал Мыңбаева (Бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті), «Сері жігіт» болып Мақсат Сариев (Сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыздандыру департаменті) табылды. 
Көріністер сайысынан «Құдалық» көрінісін сахналаған (Сатып алу және материалдық техникалық қамтамасыздандыру департаментіне) І орын, «Қазық майлау» көрінісі үшін (күрделі құрылыс департаментіне) ІІ орын берілді. Жүлдегерлерге «Технодом» дүкенінің сертификаты тапсырылды.  
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх