Қаражанбас – сынақ-тәжірибе алаңы

Қаражанбас – сынақ-тәжірибе алаңы
22.03.2016
422
Өндіріс

Қаражанбас – сынақ-тәжірибе алаңы

Үздік инновациялық технологияларды өндіріске енгізу – бүгінгі заман талабы. Кәсіпорынның өндірістік әлеуетін модернизациялау көптеген қолға алған міндеттерді атқаруға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

«Қаражанбасмұнай» АҚ өнім өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологияларды іздестіру және оларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді.

Қаражанбас кен орны зерттеліп, игеріле бастасымен-ақ бірегей тәжірибелердің алаңына, ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нысанына айналды. Акционерлік қоғам бұл үрдісті әлі күнге дейін үзбей, замануи «өндірістік зертхана» ретінде әлемдік алпауыттардың озық технологияларын батыл қолданып, түрлі тәжірибелік-өндірістік сынақтар өткізіпкеледі. Сынақтардың нәтижесін бағалау және олардың ғылыми негізділігі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Биылдың өзінде бірнеше компания Қаражанбас мұнай кенішінің алаңында өз өнімдерін сынақтан өткізбекші. Компания мұндай сынақтарды өткізуге ақша талап етпейді.

Қарнақты тереңдік сорабының желілік жетегі

Бұл 2014 жылы өндіріске қолданысқа енгізілген жаңа технологияның бірі. Жаңа әдіс өндіріс шығындары не дәуір азайтып, тиісінше, қолданыстағы тербелмелі қондырғыларға қарағанда, мұнай игеру көрсеткішін арттырады. Аталған жүйе игеру үрдісін толық автоматтандырып, ұңғылық қондырғылардың тозуын азайтып, оларды орналастыру шығындарын кемітеді. Сондай-ақ электр қуатын аз тұтынып, игеру көлемін ұлғайтады. Жоғары жұмыс жасау сенімділігі, үнемділігі мен экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан да пайдалы құрылғы. Бүгінгі таңда Қаражанбас мұнай кенішінде оның 60 данасы жұмыс істеп тұр.

«UNECO» интеллектуалды станциясы

2014 жылы сынақтан өткізіліп, 2015 жылы өндіріске енгізілген бірегей жаңа технологияның бірі – АҚШ-тың «UNECO» фирмасының қарнақты тереңдік сорабының интеллектуалды станциясы. Электр энергиясын үнемдеу қасиетін былай қойғанда, «ақылды» деген атына сай, ұңғының бойындағы сұйықтық деңгейін өзі реттеп отырады. Тиісті деңгейден төмендеп кетсе, тоқтап қалады. Бойында ешқандай хабаршы құрал жоқ, барлық есеп көрсеткіштерін өзі шығарады. Сорап жұмысының динамограммасын да өзі көрсетеді. Сыртта орналасқан сұйық дисплей де тұтынған энергияның мөлшері, сұйықтық деңгейі көрсетіліп тұрады. Көне технологияларда бұның біреуі де жоқ. Бұрын бір ақауды анықтау үшін тиісті қызметтерге тапсырыс беруге тиіс болатынсың. Олар көлікпен келіп, ұңғыны «атып», содан соң барып алынған ақпаратты өңдейтін. Қатынас пен уақыт шығынын есептей беріңіз?! Ал, мына станса бәрін алдыңа жайып салады. Дәстүрлі тербелмелі қондырғы тәулігіне 100 кВт энергия пайдаланса, станса 30-35 кВт қана тұтынады. Кеніште қазір 128 «ақылды» станса өз тиімділіктерін дәлелдеп тұр.

Қабаттарға бу айдау үрдісінде жаңа тәсіл сыналды

ҚБМ-да 2015 жылы қабат қысымын ұстау үшін айдалатын суды қыздыратын электр қыздыру қондырғысын қолдану, қабаттарға бу айдау үрдісіне сутегі-термо газ химиялық әсер ету әдісі сынақтан өткізілді. Солардың ішінде қарнақты тереңдік сорабының төрткіл жетегі, ыдыстағы бұрандалы сораптарды орнату сияқты жобалар бірден нәтижесін берді. Айталық, төрткіл жетектің әдеттегі бұрандалыдан айырмашылығы – белдіксіз, муфта арқылы тіке жұмыс жасайды. Белдік үзілу қаупі жоқ, оны айналдыруға шығын кетпейді. Келесі сынап жатқан жетекте редуктор да жоқ, ротор өзіайналып, май шығарады.  

Жаңа технологияларға ізденіс жалғасуда

2016 жылы да «ҚБМ» АҚ жаңа технологияларды іздеу және өндіріске енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Өкінішке орай, дағдарысқа байланысты, полимерлік суландыруды сынақтан өткізу, өндірісті кешенді автоматтандыру жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жобасы тоқтатылды. Олар нарықтағы әлемдік мұнай бағасы көтеріліп, жағдай тұрақталған соң жалғасын таппақ.

Қазіргі таңда ресейлік тотығуға төзімді сорапты-компрессорлық құбырлар және 3 ұңғыда жергілікті Ақтау қаласындағы шыны талшықты құбырлар зауытының құбырлары сынақтан өткізіліп жатыр. Шыны талшықты құбырлар, негізінен, су айдау үшін қолданылады. Мақсат – ұңғылардың істен шығу себебінің 69%-ын құрап отырған құбырлардың жөндеу аралық мерзімін ұзартып, олардың қызмет сапасын арттыру мәселен кешенді түрде шешу болып табылады.

Сәтті жүзеге асырылған технологиялармен қатар, күткен үмітті ақтамаған технологиялар да болды. Мысалы, сутегі тотығы (Пента) негізінде бушығару қондырғысын қолдану сәтсіз аяқталды. Бұл қондырғыны қолдану – ұңғылардағы сорапты-компрессорлық құбырлардың істен шығуына әкеп соқтырды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ мамандары былтыр сынақтан өткізілген «IREX» қабатқа микроорганизмдерді бағыттау технологиясынсынау қорытындысын асыға күтіп отыр. Бұл – жер асты қыртысындағы табиғи микроорганизмдерді қоректендіру арқылы олардың мекендеу ортасында газ, биополимерлер бөлуіне түрткі болатын ерекше әдіс. Қоректендіріліп, көрсетілген бағыт қажыл житын бактериялар тіпті, бұрғы бойламайтын қабаттарда «қамалған» мұнайды жылжытуға таптырмайтын көмекшілер болып шықты.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх