Геологтан геолог туады...

Геологтан геолог туады...
05.03.2018
133
Қызметкерлер

Геологтан геолог туады...

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 МГӨБ геологы Айсұлу Өскімбаеваның әкесі де, шешесі де Өзен кенорнында геолог болып жұмыс жасап, кенорынның өсіп-өркендеуі үшін еңбек сіңірген құрметті жандар. Айсұлудың геология саласына келуіне олардың тікелей ықпалы болды. Олардың геология туралы әңгімелерін  тыңдаған  кішкентай қыздың  да геологияға деген қызығушылығы оянды. Әсіресе, өрмекшінің шырмауығындай әкесі әкелетін карталар Айсұлу үшін тіпті қызық болатын. Өсе келе Айсұлу да геолог мамандығын таңдады. Мамандығын ұнатқандықтан, ол уақытпен есептесу дегенді білмейді. Отыз жылға жуық геология саласында жұмыс жасап жүрген ол өзінің еңбегіне деген сүйіспеншілігінің арқасында бүгінде басқарманың игеру және геология бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілді. «Осындай дәрежеге жетуіме үнемі қолдау көрсететін отағасыма алғыс айтқым келеді. Компанияның қиын кезеңдерінде біздер жұмыс бабымен үйге жиі кешігіп барушы едік. Сол кезде балаларымның әкесінің қабақ шытпай, жұмысыма түсіністікпен қарағанына дән ризамын. Дәрігер адамның ағзасын зерттейтін болса, біздер жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, «қара алтынның» пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттеп, мұнай өнімділігін арттыруға барынша зор үлес қосып келе жатырмыз. Өзен кенорны үшін еткен еңбегімізді біліп, кәсіби мерекелерде марапаттап, мәртебемізді асырып отырған компания басшылығына айтар алғысымыз шексіз.Еңбек-таусылмайтын қуаныш, тарқамайтын шаттық. Еңбек-адамға молшылық, тоқшылық, байлық, бақ-береке әкеледі», – дейді Айсұлу Өскімбаева.  
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх