Басшы өндірісті аралады

Басшы өндірісті аралады
05.03.2018
184
Өндіріс

Басшы өндірісті аралады

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков «Жайықмұнайгаз» басқармасында болып, өндірісті аралады. Бүгінде басқармаға қарасты 10 кеніш бар. Соның ішінде Солтүстік Жаңаталапта С.Балғымбав кен орнындағы газ дайындау қондырғысына ілеспе газды жеткізу үшін 9 дана көп фазалы сораптар орнатылған, олар қалыпты деңгейде жұмыс жасап тұр. Ал, Аққыстау селосында жаңа электр қосалқы станциясы салынуда. Сондай-ақ, басшы С.Балғымбаев кен орында жерасты жөндеу техникалары үшін 3 орындық автотұрақ және арнаулы техникаларға арналған 24 орындық автотұрақ, 150 орындық асхана құрылыстарының барысымен танысып, құрылысты жеделдету бағытында нақты тапсырмалар берді. Оңтүстік Батыс Қамысты және Оңтүстік Шығыс Новобогат кен орнында да болып, мұнда да көп фазалы сораптардың, ұңғымалардың жұмыс барысымен танысты. Өндіріске енгізілген технологиялардың бірі – Забурын кенішіндегі полимерлік суландыру жобасы. Бұл жоба «Ембімұнайгаз» АҚ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Алстрон» және SNF ЖШС (Франция) мамандарымен бірлесе атқарылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жұмыстарына сәйкес, жер астына 800-1000 метр тереңдікке полимер ерітіндісін айдау №11, 55 айдау ұңғымаларында жүзеге асырылып келді. 2017 жылғы қыркүйек айында тағы да 4 ерітінді айдау ұңғымалары қосылып, жалпы саны 6-ға жетті. Өндірісті аралау соңында Ә.Жақсыбеков жауапты мамандармен бірлескен мәжіліс өткізіп, онда ағымдағы жұмыстардың барысы, алынған шешімдердің орындалысы, басқа да көптеген өндірістік мәселелерді талқылады.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх