Білікті маман

Білікті  маман
16.02.2018
109
Қызметкерлер

Білікті маман

«Argymak TransService» ЖШС жұмыскері Даутов Ғибрат 1986 жылдың сәуір айында Қаражанбас кен орнына «Қаражанбастермнефть» технологиялық көлік басқармасына көлік жөндеуші болып қабылданып, бір жылдан соң жүргізуші болып Газ-53 автокөлігінің руліне отырды. Осы жылдар ішінде кен орнында неше түрлі көлікті меңгерген білікті маман 2010 жылдан бері №5 автотізбекте аға механик болып қызмет атқарып, өз автотізбегінде арнаулы, мамандандырылған және жол-құрылыс техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырып, техникалық жарамды жағдайын жүзеге асырады. «Жас жігіт болып келіп, жігіт ағасы болғанға дейінгі отыз жылым осы мекемеде өтті. Осы уақыт ішінде Серіктестік небір қиын да күрделі кезеңді бастан кешті. Бүгінгі күнгі жұмыскер үшін жасалған оң өзгерістер үшін қуанамын. Халық игілігіне қызмет атқару – бір бақыт. Өмірде де, өндірісте де жетер жетістіктеріміз көп болғай. Қаражанбас кен орны көркейіп, мекемеміз ілгері өрлей берсін!» дейді Ғибрат. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх